Біздің университетте қалағандар өз деңгейіне сәйкес неміс, ағылшын және қазақ тілдері курстарынан өте алады.
Курстың ұзақтығы: 54 академиялық сағат
Өткізілу жиілігі: аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 18:30-дан 20:00-ге дейін, әр сабақ – 2 академиялық сағат.
Курстардың өткізілу мерзімі:
2025 ж. 8 қыркүйектен 10 қарашаға дейін
2025 ж. 17 қарашадан 2026 ж. 23 қаңтарға дейін
2026 ж. 2 ақпаннан 10 сәуірге дейін
2026 ж. 20 сәуірден 24 маусымға дейін
Курсқа тіркелу мерзімі:
2025 ж. 11 тамыздан 1 қыркүйекке дейін
2025 ж. 27 қазаннан 9 қарашаға дейін
2026 ж. 5 қаңтардан 25 қаңтарға дейін
2026 ж. 30 наурыздан 12 сәуірге дейін
Бір курстың бағасы:
Негізгі баға – 70 000 теңге
Мектеп оқушылары (14 жастан бастап) және студенттер үшін – 65 000 теңге
Оқыту форматы – дәстүрлі (офлайн), мекенжайы: Қазақстан-Неміс Университеті, Назарбаев көшесі, 173.
Сабақтар аяқталған соң, Сіз КНУ Тілдерді Оқыту және Сертификаттау Институтының курстан өткендігіңізді растайтын сертификат аласыз.
Неміс, ағылшын және қазақ тілі курстарына тіркелу үшін:
sprachkurse@dku.kz поштасына (курска жазылу үшін АТЫ-ЖӨНІҢІЗДІ, ұялы телефон нөміріңізді және жазылғыңыз келетін деңгейді көрсетіңіз) хат жіберіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша:
sprachkurse@dku.kz немесе 355-05-51 (ішкі 507) телефоны арқылы хабарласыңыз.
