
Біздің университет спортқа көп көңіл бөледі. Өйткені, физикалық белсенділік сізге көп нәрсеге қол жеткізуге, төзімді және белсенді болуға мүмкіндік береді!
Біздің студенттерге арналған дене шынықтыру сабақтары Алматы қаласындағы спорт кешендерінде өтеді. Қыздар үшін йога, степ-аэробика және жүзу бағдарламалары, ал ұлдар үшін — спорт залы, күш кешендері және жүзу қарастырылған. Сабақтан тыс уақытта DKU студенттері баскетбол, волейбол және шахмат секцияларында оқи алады.