Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) базасында жаңа ғылыми-білім беру орталығы – Қазақстан-Немiс Nexus ашылуда. Бұл Қазақстан мен Германияның бірлескен жобасы болып табылады және ол жер мен су ресурстарын басқару, энергетика және биоалуантүрлілікті сақтау салаларында тұрақты әрі кешенді шешімдер іздеуге бағытталған. Институт қазақстандық және халықаралық сарапшылардың ғылыми әлеуетін біріктіретін алаңға айналады.
Институттың құрылтайшылары – Қазақстан-Неміс университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы және KazNARU, Ханс Зайдель қорының қолдауымен.
Nexus институтының басты миссиясы – жер, су, энергетика және экология салаларындағы өзара байланысты мәселелерді шешу үшін ғылыми тәсілдерді біріктіру арқылы Орталық Азияның тұрақты дамуына үлес қосу. Негізгі назар пәнаралық зерттеулерге, халықаралық академиялық ұтқырлыққа және климаттың өзгеруі жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға аударылады.
Институт қызметінің негізгі бағыттары:
Неміс серіктестері, соның ішінде Ханс Зайдель қоры, институтқа ғылыми-әдістемелік және қаржылық қолдау көрсетеді: зерттеу жобаларын іске қосудан бастап стратегиялық сессияларды өткізуге және заманауи білім беру платформаларын дамытуға дейін.
Nexus институтының ашылуы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және аймақтың сын-қатерлеріне жауап бере алатын, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қоса алатын академиялық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.