Loading...

Қырғыз Республикасының делегациясымен тұрақты даму және сараптамалық әлеуетті нығайту саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу

2025 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан-Неміс университетінде Қырғыз Республикасының делегациясымен тұрақты даму, климаттық зерттеулер және сараптамалық әлеуетті арттыру салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Делегация құрамына Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігінің, Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ М. Рыскулбеков атындағы ҚЭУ ҰИУ қызметкерлері мен GIZ-дің «Жасыл экономика және жеке сектордың тұрақты дамуы» бағдарламасының өкілдері кірді.

Кездесу барысында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

  • DKU-дың тұрақты даму саласындағы негізгі қызмет бағыттары;
  • М. Рыскулбеков атындағы ҚЭУ ҰИУ Экономикалық модельдеу және талдау орталығының тәжірибесі мен тәсілдері;
  • сараптамалық әлеуетті нығайту тетіктері;
  • климаттық зерттеулер мен тұрақты даму саласындағы практикалық кейстер;
  • тараптар арасындағы одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың мүмкін форматтары.

Кездесу тұрақты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кәсіби диалог, білім алмасу және жаңа жұмыс байланыстарын орнату үшін маңызды алаңға айналды.