«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:
University of Applied Science Zittau/GörlitzБағдарлама маркетинг саласында мамандар дайындауға арналған. Оның бірегейлігі - тек қана жарнамалық іс-шаралардың стратегиялық жоспарлануы мен тауарды өткізуге ынталандыру ғана емес, сонымен қатар маркетингтік зерттеулер, креативті идеялар, PR-стратегиялар жасау мен digital-құралдарды пайдаланып, маркетингтің толық кешенін жасаудағы дағдылар мен білімдердің жиынтығы.
Біздің түлектердің кәсіби құзіреттіліктері мен шетел тілдерін меңгеруі оларға жұмысқа орналасуда айтарлықтай басымдық беріледі. Бейіндік пәндерді Германиядан шақыртылған доценттер жүргізеді.
Оқуға түсу талаптарыМодульдер:
- E-Коммерция
- Маркетингтік стратегиялар
- Маркетингтегі сандық технологиялар
- Сату стратегиялары және тұтынушылардың мінез-құлқы
- Логистика
- Бизнес-жоспарлау
Мансап
Оқуды табысты аяқтауда сіз:
- жергілікті және халықаралық компаниялардың маркетинг департаменттерінде;
- жарнама және креативті агенттіктерде;
- консалтингтік компанияларда;
- жеке бизнесте;
- жобалық және зерттеу қызметінде мансап құра аласыз.
-
Студенттерді қолдаймыз
Өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізбен оқуыңыз бен жүріп тұруыңызға шәкіртақы алыңыз.
-
Қос диплом бағдарламасы
DAAD қолдауымен халықаралық аккредитациядан өткен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша білім алыңыз.
-
Германиядан оқытушылар
DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз
-
Оқуды шетелде жалғастыру
Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.