Орталық туралы
Біз студенттердің сұранысқа ие өз ісінің мамандары боп қалыптасып, өз армандарындағыдай мансап жолын бастауда көмектесу үшін жұмыс істейміз.
Біз кәсіптік әлемде өз орындарын қалай табу және болашақ жұмыс орнынан не күту керектігін түсінуге көмектесеміз. Бұл үшін жұмыс берушілермен ашық кездесулер өткіземіз, сұхбаттасудан сәтті өту мен тиімді түйіндеме құрастыруды үйренуге көмектесеміз.
DKU түлектерінің 95% жұмыс орындарын өте жеңіл тауып алады, бұл біздің қызметіміздің тиімділігі мен университеттің Қазақстан жұмыс берушілерімен орнатқан қарым-қатынасы арқасында екенін білеміз.
Сізге қандай пайдамыз бар:
- Кәсіби бағдарлы кеңестер — өзіңіздің мықты жақтарыңызды қалай табуға болады;
- Кәсібиден тыс құзіреттіліктерді дамыту — неліктен тек кәсіби дағдыларды дамытқаннан басқа да дағдыларды дамыту маңызды;
- Түйіндеме құрастыру мен ілеспе хаттар жазу бойынша семинарлар мен тренингтер. Біз басқалардан ерекшелендіретін түйіндемені қалай жасау керектігін айтып береміз;
- Іскерлік әдеп бойынша сабақтар;
- Тәжірибеден өту бойынша ұсыныстар;
- Жұмысқа орналасуға көмектесу;
- Жұмыс берушілермен кездесулер;
- Дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу.
Серіктестік нұсқалары
Біз коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар үшін серіктестік орнатудың түрлі нұсқаларын қуана ұсынамыз:
- Сіздің компанияңыз үшін өзекті болатын студенттердің жасаған және іске асыратын жобалар — нарық анализі, саралау анализі, экономикалық, инженерлік және әлеуметтік бағыттар бойынша аналитикалық зерттеулер;
- Әлеуметтік жобаларды бірге іске асыру;
- DKU-да компания не толық бір сала ретінде де, оның даму болашағы туралы баяндамамен компания тұсаукесерін жасау;
- Өзекті бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар ақпаратымен компания тұсаукесерін жасау. DKU студенттері мен магистранттары үшін тәжірибеден өту орындарын ұсыну;
- DKU-дың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына, дөгелек үстелдеріне, түрлі бағыттар бойынша өзекті мәселелер мен сұрақтар бойынша ашық талқылауларға қатысу;
- Мансап орталығының іс-шараларына: бос жұмыс орындары Жәрмеңкесі, мамандықтар Күні, HR-мамандармен Дөңгелек үстелдерге қатысу.
Біздің сайтқа DKU студенттері үшін тәжірибеден өту орындары, бос жұмыс орындары, сондай-ақ диплом жұмыстары мен зерттеулер үшін жобалар тақырыптары жөнінде ақпарат бере аласыз. Біздің түлектеріміз бен студенттеріміз барлық ұсыныстар жөнінде электронды жіберілімдерді ұдайы алып отырады.
Мансап Орталығының контактілік мәліметтері:
Назарбаев даңғылы, 173
Тел.: +7 727 355 0551 ішкі 239
E-mail: karrierezentrum@dku.kz