Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Сипаттама

Эразмус+ Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру (ЖББӘА) жобасы «585967-EPP-1−2017−1-DE-EPPKA-CBHE-JP-PRODLOG «Ресурстық тиімді өндірістік логистика бойынша Болон қағидаттарына негізделген магистрлік бағдарламаны әзірлеу».

Жоба мақсаты
ұзақ мерзімді перспективада әл-ауқаттың өсуі үшін өндірістің орнықты және экологиялық таза әдістерімен өндірістік саланы құруда ұлттық және халықаралық компаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті RU, KAZ және KYR серіктес елдердегі ресурстық тиімді өндірістік логистика саласындағы менеджерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Жобаның міндеттері

  • Болон процесіне сәйкес RU, KAZ және KYR магистранттары үшін 18 модулі бар (120 ECTS) ресурстық тиімді өндірістік логистиканың пәнаралық бағдарламасын 2020 жылдың ақпанына қарай әзірлеу және енгізу
  • 2018 жылдың қазан айына қарай серіктес елдің ЖОО-да ресурстық тиімді өндірістік логистика бойынша магистрлік бағдарламаның ерекше талаптарына сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру
  • 2020 жылдың қазан айына қарай жоба аяқталғаннан кейін жаңа MSc бекітілуін қамтамасыз ететін ECTS-ке сәйкес серіктес елдердің университеттерінде кәсіби және әдістемелік құрылымдарды құру
  • 2019 жылдың қазан айына қарай университеттер мен логистикалық компаниялар және логистика бойынша мамандарға мұқтаж компаниялар арасындағы өндірістік логистика бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру.