Түлектер ассоциациясы
Құрметті түлектер!
Сіздердің әрқайсыңыз біздің жадымызда, сіздерді өте құрметтейміз, сіздермен ара-қатынасымыздың үзілмеуін қалаймыз. Сіздер қашанда Қазақстан-Неміс Университетінің бір бөлшегі болып қаласыз.
Сіздердің әрқайсыңыз оқуды аяқтағаннан кейін автоматты түрде DKU-дың Түлектері Ассоциациясының мүшесі болып саналасыз және де университеттің түрлі қызмет түрлерін пайдалану басымдықтарына ие боласыз.
Ассоциацияның жұмысына белсенді ат салыссаңыз, өте қуанышты боламыз. Сіз DKU-дың Қазақстандағы, сондай-ақ шет аймақтардағы Alumni амбассадорлары бола аласыз, студенттермен бірге біріккен жобалар жасап, университет ішінде бірлестіктер құрып, оларға қолдау көрсете аласыз.
Біздің мақсатымыз түрлі кезеңдерде оқыған DKU-дың түлектері тек қана университетпен ғана емес, сондай-ақ бір-бірімен де біздің университеттегі оқу тәжірибесі, қалыптасқан дәстүрлері сияқты құндылықтармен бөлісіп, қарым-қатынаста болғанын қалаймыз.
Сіз — DKU табысының тарихысыз, бастысы бідің жұмысымыздың құндылықтарын бекітушісіз!
DKU түлектерінің ассоциациясы
DKU түлектерінің ассоциациясы — рухы жағынан жақын адамдардың қоғамдастығы. Біз маман боп қалыптасқандарды да, сондай -ақ университетті енді ғана бітіріп, кәсіби қалыптасу жолына түсіп жатқандарды да біріктіреміз.
Біздің алға қойған міндетіміз — университетіміздің дамуы мен түлектеріміздің ортақ мақсаттарға жетуіндегі шығармашылық, кәсіби және жеке тұлғалық әлеуетін біріктіру.
Біздің мақсаттарымыз:
- DKU-дың ең мықты дәстүрлерін сақтау және одан әрі арттыра түсу;
- DKU-дың мүдделерін дамыту және университет пен түлектердің дамуына үлес қосу;
- университеттің жетекші білім беретін, зерттеу және ғылыми орталық ретіндегі абыройын қолдау;
- DKU-дың мақсаттарына сай келетін зерттеулердің жүргізілуіне қолдау көрсету;
- түлектердің өзара қарым-қатынас жасауларына қолайлы алаң жасау;
- DKU-дың халықаралық байланыстарын нығайту және кеңейту, өзге де ұйымдармен, оның ішінде түлектер ассоциациясымен, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
- студент жастардың адамгершілік және рухани тәрбиесіне түлектерді тарту;
- DKU-дың түлектері мен студенттерінің мамандықтарына бойлауы мен жұмыспен қамтылуына көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
- DKU-дың қызметіне қалың көпшіліктің және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударту;
- қайырымдылық қызмет жасау;
- университеттің материалдық-техникалық базасының дамуы мен нығаюына көмек беру;
DKU дамуына ат салысу
Біз DKU түлектерін университтеттің дамуына үлес қосуға барлық жағынан қолдап отырамыз. Егер сіз өз үлесіңізді қосқыңыз келсе: студенттер мен магистранттарға арналған іс-тәжірибелер мен тағылымдамалар бағдарламасына қатыса аласыз; студенттермен өз тәжірибеңізбен бөлісе аласыз; тәлімгерлік бағдарламасына қатыса аласыз; DKU студенттері жүзеге асыратын жоба ұсына аласыз; көмекке зәру студенттерге қаржылық көмек көрсете аласыз.
Университеттің жұмысына қатысу жөніндегі тілек-сұранымыңызды karrierezentrum@dku.kz. мекенжайына жіберіңіз. Біз сізбен хабарласып, ойыңызды іске асыру туралы сөйлесетін боламыз.
Түлектердің табысқа жету жолы
Біз түлектеріміздің жаңа жетістіктеріне қуанамыз және олардың кәсіби қызметінде болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға тырысамыз. Егер сіз біздің түлегіміз болсаңыз, онда өзіңіздің табысқа жету жолыңыз туралы бізге karrierezentrum@dku.kz жазып жіберуіңізді өтінеміз. Әрқайсыңыздың пікіріңіз ҚНУ үшін маңызды!
Түлектер ассоциациясының іс-шаралары
Мына жерде кездесулер, жиындар мен т.б. жөнінде жазамыз.
Alumni амбассадорлары
DKU-дың әр бітірушісінің алар орыны бар! Қаншама тарих, жеке тұлғалар мен есімдер, есте қаларлық оқиғалар мен жеңістер — барлығы жадымызда және әрбір студентіміз есімізде!
Уақыт өте келе байланыстардың нығая түсетініне сенеміз. Түлектермен қарым-қатынасымызды одан әрі нығайту үшін «DKU-дың Alumni амбассадорлары» бағдарламасын жасадық. Егер сіз өзіңізбен бітірген түлектер атынан өкіл болғыңыз келсе, karrierezentrum@dku.kz мекенжайына сұраныс жіберіңіз. Біз сізбен хабарласып, бұл туралы егжей-тегжей сөйлесеміз.