Телематика
Факультет инжиниринг және ақпараттық технологияларҰБТ/КТ–ға бейіндік пәндер: математика мен физика
«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:
University of Applied Sciences Schmalkalden«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орын:
Technical University of Applied Sciences WildauInternationalDataCorporation зерттеу агентігінің мәліметтері бойынша, 2020 жылға дейін кәсіпорындардың 60% сандық экономикаға өтудің тұжырымдамаларын жасап, іске асыра бастайды. Бұл еңбек нарығында жоғары білікті IT-мамандар бұрын соңды болмаған сұранысқа ие болады дегенді білдіреді.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығы аясында ҚНУ-да еуропалық стандарттарға сәйкес үш білім беру бағдарламасы іске асуда:
1) «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг«;
2) «Телематика»;
2) «Mobile Computing».
ҚНУ Германияның ірі жоғары оқу орындарымен: Шмалькальден қаласындағы Қолданбалы Ғылымдар Университеті мен Вильдау қаласындағы Техникалық Қолданбалы Ғылымдар Университетімен тығыз қарым-қатынаста ынтымақтастық жасайды. Бұл Қазақстандағы IT-білім беру нарығында көшбасшы позицияларда тұрақты орналасуымызға жағдай жасайды.
Біз мақтанатын нәрсе көп! 2013 жылдың 7 қазанынан бастап ҚНУ Cisco компаниясының ресми серіктесі болды және Қазақстандағы Cisco Желілік Академиясының қызмет істейтін бірінші серіктесі. 2014 жылдың 17 сәуірінен бастап ҚНУ Oracle компаниясы мен Oracle Академиясының ресми серіктесі болды.
«Телематика» білім беру бағдарламасы
«Телематика» термині - бұл «теле» — алыс және «матикос» — қозғалыстағы деген екі грек сөзінің бірігуінен жасалған туынды сөз. Қарапайым тілмен айтқанда, телематика — бұл IT процестерді алыстан басқару. Телематиканың негізгі принципі - түрлі салаларда бизнес процестерді басқарудың виртуализациясы мен зияткерленуі. Бұл айтарлықтай жас мамандық, алайда телематика облысындағы маман болашақта кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі боп табылады. Бұл маман алыс қашықтықтарға үлкен ақпараттық массивтерді жинау, қолдану және таратуды бақылайды, жекелеген техникалық құрауыштарды ортақ ақпараттық жүйеге біріктіреді, оны басқарады.
Оқуға түсу талаптарыМодули
- Бағдарламалау
- Деректер қоры
- IT-жобалар инженериясы
- Мобильдік Web-қосымша
- Автоматика және телематика
- Байланыс, мультимедиа, қауіпсіздік
- Жобалау және бизнес-қосымшаларды модельдеу
Мансап
«Телематика» бағдарламасының түлектері - бұл шетел тілдерін меңгерген ІТ саласындағы көп бейінді мамандар. Олар әлем мен Қазақстанның жекелеген сандық болашағын жасайды және экономиканың кез келген саласында жұмыс істей алады:
• Денсаулық сақтау телематикасы;
• Навигациялық жүйелер;
• Әуежайлар мен теміржол бекеттерінде жолаушылар мен жүк ағындарын ақпараттық басқару;
• Қауіпсіздік пен басқару жүйелері;
• Ғимараттарды (өндірістерді) автоматтандыру және «Ақылды үй» атты қашықтықтан басқару жүйесі;
• Мониторинг пен күзет жүйелері;
• Білім беруді автоматтандыру;
• Қызметтер телематикасы (бизнес, үкімет, коммерция, логистика).
-
Студенттерді қолдаймыз
Өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізбен оқуыңыз бен жүріп тұруыңызға шәкіртақы алыңыз.
-
Қос диплом бағдарламасы
DAAD қолдауымен халықаралық аккредитациядан өткен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша білім алыңыз.
-
Германиядан оқытушылар
DKU-да Қазақстаннан ешқайда шықпай-ақ, Германиядан шақыртылған оқытушылардан білім аласыз
-
Оқуды шетелде жалғастыру
Германияда іс-тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігінің болуы, ал бакалавриатты аяқтағаннан кейін сол жерде не басқа елдерде оқуды жалғастыру.