Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Зертханалар

Физика зертханасы магнитті және электр құбылыстарын зерттеу, айналма қозғалыстарының статика мен динамика заңдылықтары, жарықтың кванттық және толқындық қасиеттері, жартылай өткізгіштердің қасиеттерін зерттеу бойынша зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған құрылғыларымен жабдықталған. Зертханалық жұмыстардың бір бөлігі компьютерлік техниканың қолданылуымен виртуалды режимде жүргізіледі.

Электр техникасы бойынша зертхана мультимодалды компьютерлік оқыту жүйесінің базасында электр техникасы, электроника, автоматты реттеу мен информатика теориясы, қуат көздерін, өлшеуіш техника, дыбыстардың сандық өңделуі мен коммуникациялық техника негіздері бойынша зерттеу тұрғысынан зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Қайта жаңартылатын энергия көздері бойынша зертхананың екі көрсету қондырғысы бар. Біріншісі күн (фотоэлектрлік) панелдерінің жиынтығынан электр энергиясын алу үшін қолданылады. Екіншісі- күн коллекторынан су жылытуға болатын жылу энергиясын алуға арналған.

Сонымен қатар, жылу энергетикалық жүйелер мен энергияны пайдалануды зерттеуге арналған зертхананың өлшеуіш жабдығы бар және ол бағдарламалық қамсыздандырылған.

Түрлі материалдарда жылу шығындарын анықтау үшін «жылы үй» физикалық үлгісі мен жылуға ден қойғыш қолданылады. Ал университет ғимаратының шатырында фотоэлектрлік модулдер өндіретін күшті анықтау үшін зертханалық қабырға және метеорологиялық жүйе орнатылған. Ғимарат ішінде жұмыс істеудің қолайлы шарттарын анықтауға арналған зертханалық жабдық та бар.

Экологиялық химия зертханасы қоршаған орта сапасын кешенді зерттеу бойынша зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған аспаптармен жабдықталған. Атап айтқанда, атмосфералық ауаны, суды сапалық және сандық зерттеу бойынша аспаптар. Зертхана аспаптарының ішінде су талдауыштары, кондуктометр, рН-метрлер, газ талдауыштары, спектрофотометр мен зертханалық тәжірибелер үшін қосымша жабдықтар бар.

Сандық технологиялар зертханасы тәжі-рибелік, зертханалық, зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттерге басқа пайдаланушыларға арналған бағдарламалық параметрлерді бұзбай, бағ-дарламалық жасақтаманы өзгерту бойынша, сондай-ақ компьютерлік плато және схема сияқты басқа құрылғыларды қосу бойынша барынша еркіндік береді. Студенттерді арнайы қосым-шалармен және операциялық жүйелермен серверлермен қамтамасыз етеді. Windows 10 Pro және Ubuntu операциялық жүйелерімен, сондай-ақ Arduiono және NetBeans платформаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қолданбалы зерттеулер зертханасы оқыту-шылардың, студенттердің және магистранттардың экономика және әлеуметтік-саяси ғылымдар саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жобаларды іске асыруына ықпал етеді. Дарынды жастар үшін университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына мүмкіндігінше ертерек қосылуға мүмкіндік жасайды. Ғылыми жұмыс нәтижелерін оқу процесіне бірігуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, зертханада ғылыми семинарлар өткізуге болады, онда қатысушылар зерттеулердің аралық нәтижелерімен бөліседі, аяқталған жобалардың қорытындысын шығарады, дайындалып жатқан ғылыми жарияланымдардың тақырыбын талқылайды және пікірталас кездесулерін ұйымдастырады. Тағы бір мүмкіндік студенттер мен барлық ниет білдірушілер үшін оқыту семинарларын (факультативтік) өткізу болып табылады. Мысалы, Excel, Visio, MS-Project, 1С-бухгалтерия, SAP және т.б. жұмыс бойынша DKU қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары.