Сурақтар мен жауаптар
Егер сіз неміс тілін білмейтін болсаңыз, оқуға түсерде ағылшын тілін мектеп бағдарламасы деңгейінде білуіңіз қажет (Intermediate/B1 деңгейі). Алайда неміс тілін білгеніңіз құпталады.
Иә, ҰБТ емтихандарын тапсыру біздің университетке түсудің міндетті шарты.
Толық оқу кезеңіне (4 жыл) ақылы негізде ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинаған орта мектеп, колледж түлектері қабылданады.
DKU оқуға және және басқа қалалардан келгендерге тұруға стипендияларын алуға арналған байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар тестілеуден өтуі керек. Тіркеу үшін құжаттар пакетін жинап, оны қабылдау комиссиясына байқау басталғанға дейін кемінде жеті күн бұрын ұсыну қажет. Мына жерде толық ақпаратты табасыз.
Байқау нәтижелері екі кезеңде жарияланады. 11 наурыздан 11 тамызға дейін тестілеуден өткен талапкерлердің нәтижелері ағымдағы жылдың тамыз айының соңында жарияланатын болады. 18 тамызда тестілеуден өткен талапкерлер байқау нәтижелерін ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында білетін болады.
Жоқ, ішкі түсу емтихандарын бір рет қана тапсыруға рұқсат беріледі.
Ішкі түсу емтихандары наурыздан бастап әр ай сайын өткізіледі. Емтихан тапсыру уақытын дайындығыңызға қарай өзіңіз таңдайсыз.
Емтихандардың кез келген кезеңіндегі барлық тапсырмалар күрделілігі жағынан бір деңгейде, сондықтан қашан тапсырғандығы маңызды емес.
— Маркетинг — математика мен география
— Қаржы — математика мен география
— Менеджмент — математика мен география
— Логистика — математика мен география
— Экономикадағы ақпараттық инжиниринг — математика мен физика
— Телематика — математика мен физика
— Mobile computing — математика мен физика
— Энергетикалық және экологиялық техника — математика мен физика
— Халықаралық қатынастар — ағылшын немесе неміс тілі және тарих
Иә, DKU-да дәмді тамақтануға болатын әрі қымбат емес студенттік асхана бар.
Бакалавриатқа түсу үшін құжаттар пакеті
— жалпы орта білім туралы аттестат /колледж дипломы;
— ҰБТ сертификаты;
— жеке куәлік көшірмесі;
— 086-У нұсқадағы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
— егу картасының көшірмесі;
— фотосуреттер 3×4 (6 дана);
— түйіндеме;
— тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұл балалар үшін);
— мекенжай анықтамасы.
Мектепті бітіруге дейін ішкі оқуға түсу емтихандарын тапсыруда директордың мөрі мен қолы қойылып куәландырылған 11 сынып табелінің көшірмесін ұсыну қажет (екі жағынан). Колледж оқушылары үшін — директордың мөрі мен қолы қойылып куәландырылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипті.
Оқу төлемдері 2 жылға бекітіледі. 3-інші курстан бастап оқу ақысы еліміздің экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты көп дегенде 20% өсуі мүмкін.
1-інші және 2-інші курстарда оқу орыс тілінде жүреді.3-інші және 4-інші курстарда дәрістерді неміс және ағылшын тілдерінде Германиядан шақыртылған профессорлар мен доценттер жүргізеді.
Қазіргі таңда DKU-да Қазақстаннан 80 доцент пен профессор сабақ береді. Бұдан басқа, жыл сайын біздің университетте немістің серіктес ЖОО-ның 35 профессоры, сондай-ақ Қазақстандағы неміс компанияларының өкілдері дәріс оқиды.
3-інші курсты аяқтағаннан кейін үлгерімі жақсы, неміс тілін білетін студенттер Германияда серіктес ЖОО-ның бірінде соңғы курстағы оқуларын жалғастыра алады. Алмасу бағдарламасы «Қос диплом» деп аталады, студенттер неміс дипломын да, сондай-ақ DKU дипломын да алады. Бакалавр- түлектер немістің не өзге де шетелдік ЖОО-ның бірінің магистратурасына түсе алады.
DKU дипломы — мемлекеттік үлгіде және Қазақстанда заңды деп танылады. Алайда үлгерімі жақсы, неміс тілін білетін біздің университеттің студенттері DKU-да 3-інші курсты аяқтағаннан кейін Германиядағы серіктес ЖОО-ның бірінде оқуын жалғастырып, 4-інші курсты бітіргеннен кейін неміс ЖОО-ның бакалавр дипломын алады.
DKU студенттері іс-тәжірибеден өте алатын қазақстандық және шетелдің компанияларымен, кәсіпорындарымен, оның ішінде немістің де компанияларымен серіктестік қарым-қатынас жасайды. Жыл сайын компаниялар тізімі көбеюде. Студенттермен таныстыру үшін серіктес компаниялар дөңгелек үстелдерге, ашық кездесулерге және DKU-да жыл сайын өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақыртылады.
DKU студенттеріне де, түлектеріне де кәсіби болашағын жоспарлауда көмектеседі. Студенттер алдын ала керекті және пайдалы контактілерді білуге септігі тиетін серіктес компанияларға саяхаттар жасап, осы компания өкілдерімен ашық кездесулер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз. Түлектер осы күні өзекті деген бос жұмыс орындары, сондай-ақ жас мамандарға арналған бағдарламалар туралы ақпарат алады.