Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

MCCC

MCCC — Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың моноиндустриалды салалы қалаларында жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру және бейімделу стратегиялары (2018−2020).

Германия Федералды Білім және Зерттеу министрлігі (BMBF) қаржыландыратын жобаның үйлестірушісі Лейпциг қаласындағы Лейбниц аймақтық география институты (Германия), серіктес ретінде Қазақстан-Неміс Университеті болды.

Жобаның мақсаты — Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың (бұрынғы) моноиндустриялық қалаларында экстремалды жағдайда өмір сүру стратегиялары туралы ауқымды мәліметтер алу. Жиналған ақпаратқа сүйене отырып, бұрынғы моноиндустриалды салалы қалаларында әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды нығайту және тұрақты даму бойынша ұсыныстар беру. Жобаға DKU-мен қатар Тбилиси мемлекеттік университеті (Грузия) және Худжанд мемлекеттік университеті (Тәжікстан) қатысты.