DAAD-ның өзекті жобасы
DAAD 2021−2024 өзекті жобасы
Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) 2007 жылдан бастап түрлі жобалар шеңберінде Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD) және Германияның Сыртқы істер министрлігі (АА) тарапынан қаржылық қолдау алды.
Жобаның мақсаты: DKU дамуын қолдау және университеттің Германиядағы серіктестерімен ынтымақтастығын нығайту.
Өзекті жобаның атауы «Неміс тілі - цифрландыру — трансфер. Қазақстан-Неміс университетін қолдау және одан әрі дамыту жобасы».
Іске асыру мерзімі: 2021−2024 жж.
Жобаның серіктесі Шмалькальден қаласындағы қолданбалы ғылымдар университеті болып табылады, мұнда жобалық кеңсе де орналасқан. Ол Қазақстандағы жобалық кеңсемен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Германиядағы командасы: https://www.dku-projekt.de/en/the-project/
Қазақстандағы командасы: https://www.dku-projekt.de/en/the-project/
Жобаның міндеттері:
DKU СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖАҚСАРТУ, ИНТЕРНАЦИЛИЗАЦИЯ
- студенттерге жазғы және қысқы қарқынды тілдік курстар өткізу;
- DKU профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін қарқынды тілдік курстар өткізу;
- консорциум қатысушыларының жоспарланған отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- «Орталық Азияда модульдік пәндерді оқыту» бағдарламасы бойынша неміс жоғары оқу орындарының студенттерін DKU-ға шақыру және оларға қолдау көрсету;
- DKU-да жыл сайынғы Халықаралық жазғы университетті ұйымдастыру және өткізу;
- Қызметкерлер үшін Германияда тілдік курстады ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсету.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН FLYING FACULTY-ДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ, DKU-ДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ
- неміс оқытушыларын іздеу (Flying Faculty), олардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау;
- неміс әріптестерімен ынтымақтастықта оқу бағдарламаларын дамыту;
- DKU-дың Германия мен Орталық Азиядағы университеттермен және іскери серіктестермен байланыстарын нығайту;
- DKU студенттеріне Алматы қаласында және Германияда академиялық алмасу шеңберінде оқуға стипендиялар беру;
- аккредиттеуді дайындау және өткізу кезінде DKU-ды жан-жақты қолдау;
- DKU-дағы процестерді цифрландыруды қолдау.
DKU ІС-ШАРАЛАРЫН, БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖӘНЕ ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУ
- LogCentre қаржылық қолдау;
- Cargo Bike Pilot жобасын қаржылық қолдау;
- Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің іс-шараларын қаржылық қолдау;
- «DKU Talks» пікірталас алаңын қаржылық қолдау;
- Centre for Research & Graduate Education (CRGE) орталығын қаржылық қолдау;
- студенттік жобаларды қаржылық қолдау.
Жобаның соңғы жаңалықтары
Жобаның соңғы жаңалықтарын төмендегі сілтемені басу арқылы біле аласыз: https://www.dku-projekt.de/en/