Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

StuRa

Қазақстан-Неміс Университетінің StuRa Студенттік кеңесі — ерікті, тәуелсіз бірлестік. Ол біздің университетіміздің ішкі өмірін жан-жақты дамыту үшін құрылған.

StuRa міндеті — студенттерге өздерінің ішкі әлеуетін іске асыруда көмектесу.
Кеңес өмірлік ұстанымдары белсенді, университеттің түрлі бағыттарындағы студенттік өмірге бар ынтасы мен қалауы бағытталған студенттерден құралған.

StuRa мақсаттары:

  • студенттердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру;
  • студенттік және қоғамдық өмірдің басымдығы жоғары бағыттарын дамыту;
  • әкімшілікпен және оқытушылармен бірге оқу процесінің тиімділігін жақсарту және көтеру;
  • DKU студенттерінің жеке қасиеттерін дамыту мен өзін-өзі танытуға әсер ететін іс-шараларды ұйымдастыру.

Біздің негізгі қызметіміз:

  • студенттерді әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қорғау бойынша жоспарлар мен бағдарламалар жасау;
  • бірінші курс студенттеріне кеңес беру;
  • түрлі деңгейдегі қайырымдылық науқандарын ұйымдастыру мен қатысу;
  • ғылыми, шығармашылық конференциялар, симпозиум, семинарлар ұйымдастыру;
  • студенттердің білік-дағдыларын, білімдерін тереңдету мен кеңейту бойынша әкімшілікке ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету;
  • студенттердің өздерінің жеке қабілеттері мен зияткерлік әлеуетін іске асыруға жағдай жасауда көмек көрсету.

StuRa кеңесі қолдайтын және қоғамдық күштермен тиімді іске асатын ойлары мен бастамаларын іске асыруға студенттердің жақсы мүмкіндіктері бар. Егер сіз өзіңіз бен топтастарыңыздың студенттік өмірлеріне өз әсеріңізді тигізіп, жақсартқыңыз келсе StuRa-ға қош келдіңіз!