Орталық туралы
DKU- ға оқуға түсуші талапкерлердің басым көпшілігі неміс тілін білмейді, алайда университетте жүріп табысты меңгеріп шығады.
Неміс, ағылшын, қазақ тілдерін үйрену DKU- дың оқу бағдарламаларының негізгі құрауышы болып табылады. Үшінші курсқа дейін студенттер Германиядан келген профессорлар мен доценттер жүргізетін сабақтарға керекті, ал төртінші курсқа — «Қос диплом» бағдарламасына қатысуға қажетті тілдік деңгейді меңгереді. Тіл үйренуіңіз тиімді болуы үшін DKU-да Тіл Орталығы жұмыс істейді.
Біз неміс, ағылшын, қазақ тілдерін деңгейлік принциптерге сәйкес үйретеміз. Тіл Орталығында сіз:
- неміс және ағылшын тілдерінің кәсіби-бағытталған курстарын;
- ағылшын тілінің таңдау курстарын: Business English, Public Speaking, Academic Speaking, Academic Reading and Writing;
- DKU-дың 1 және 2 курстары үшін неміс тілінің жаздық курстарын;
- барлық тілек білдірушілер үшін кешкі тілдік курстар;
- TestDaF емтиханының дайындық курстарына қатыса аласыз.
DKU Тіл орталығының оқытушылары жоғары білікті, жұмыс тәжірибесі үлкен мамандар.
Біз оқытып қана қоймай, сондай-ақ ұдайы түрде DKU қонақтары, оқытушылары мен студенттері үшін мерекелерге қатысты іс-шаралар, сондай- ақ неміс тілінің жыл сайынғы тіл апталықтары, жоғары оқу орындары арасында шешендік өнер сайыстарын ұйымдастырамыз.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Онда мына нөмір бойынша қойсаңыз болады: +7 (727)355−05−51 ішкі 507.