Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бакалавриатқа түсу шарттары

Қазақстан-Неміс Университетінің студенті болу үшін оқуға түсудің бірнеше кезеңінен өту қажет:

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) куәлігі оқуға түсудің міндетті шарты болып табылады:

  • ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер үшін;
  • өткен жылдардағы мектеп түлектері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін.

Бейіндік пәндерді сіз оқуға түсуді жоспарлаған білім беру бағдарламасына сәйкес таңдауыңыз қажет.

DKU білім беру бағдарламаларына арналған ҰБТ-дағы бейіндік пәндер:

Білім беру бағдарламаларының тобы

Білім беру бағдарламасының атауы

ҰБТ-дағы бейіндік пәндер

В140 Халықаралық қатынастар және дипломатия

Халықаралық қатынастар

дүниежүзі тарихы және ағылшын/неміс тілі

В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы

математика және география

В044 Менеджмент және басқару

Кәсіпорын менеджменті

математика және география

В047 Маркетинг және жарнама

Маркетинг

математика және география

В057 Ақпараттық технологииялар

Телематика

математика және физика

В057 Ақпараттық технологиялар

Экономикадағы ақпараттық инжиниринг

математика және физика

В057 Ақпараттық технологиялар

Mobile computing

математика және физика

В062 Электр техникасы және энергетика

Энергетикалық және экологиялық техника

математика және физика

В095 Көлік қызметтері

Көлік логистикасы

математика және география

В095 Көлік қызметтері

Өндірістік логистика

математика және география

Әрбір талапкер мемлекеттік тестілеуден басқа, DKU-дың ішкі қабылдау рәсімінен өтіп, шекті балл жинауы керек. Ішкі қабылдау рәсімі онлайн-тестілеу форматында өтеді.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын немесе неміс) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары (International English Language Tests System (IELTS), TestDaF, DSD және Goethezertifikat) бар оқуға түсушілер шет тілін тапсырудан босатылады, ұпайлар төмендегі кестеге сәйкес есептеледі:

Қатысу үшін талапкерлер онлайн-тіркеуге мына сілтеме бойынша тіркелу керек: https://dku.kaznu.kz/abiturient_home/index/.

Құжаттар тестілеу басталғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей жүктелуі тиіс. Құжаттарды толтыру және бекіту жөніндегі нұсқаулық сайтта қол жетімді.

Тестілеуді міндетті түрде тапсыру кезінде талапкер қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

Бір бейіндік пәннен (математика, география, физика, информатика, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы) артық емес шекті ұпай жинамаған оқуға түсушілер университетке дейінгі және кәсіптік оқыту орталығында (УДКОО) курстан өткен жағдайда қабылдануы мүмкін.

Тестілеу материалының үлгісін мына жерде таба аласыз

  • қосымшасы бар жалпы орта білім туралы аттестат /транскриптімен колледж дипломы;
  • ҰБТ куәлігі;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • егу картасының көшірмесі;
  • 075 нысандағы медициналық анықтама (флюорографияның суреті бар);
  • 3x4 көлемдегі фотосуреттер (6 дана);
  • әскери тіркеу туралы куәлік (ер балалар үшін);
  • тұрақты тіркеу мекен-жайы көрсетілген www.egov.kz веб-сайтынан түсірілген экран скрині (конкурсқа қатысуға ниет білдірген басқа қалалардан талапкерлер үшін).

DKU оқуға түсу және оқу шарттары туралы толық ақпаратты сіз қабылдау комиссиясынан ала аласыз:

Тел.: + 7 (727) 355 05 51 (ішкі 229)

+7 707 355 05 51 WhatsApp

E-mail: admission@dku.kz