Қос диплом бағдарламасы
Біздің студенттер үшін «Қол диплом» бағдарламасы аясында Германияда бір жыл оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарлама аяқталғаннан кейін түлек қазақстандық және неміс үлгісіндегі екі диплом алады.
Бағдарламаға қатысу үшін неміс тілін жақсы білу мен барлық пәндер бойынша үлгерімі жоғары болуы тиіс.
«Қос диплом» бағдарламасы бойынша DKU-дың Германиядағы серіктес жоғары оқу орындары
- University of Applied Sciences Hamburg — «Энергетикалық және экологиялық техника"(ВА) мамандығы бойынша DKU серіктесі;
- University of Applied Sciences Mittweida — «Кәсіпорындар менеджменті" (ВА) мамандығы бойынша DKU серіктесі;
- University of Applied Sciences Schmalkalden — «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі;
- Technical University of Applied Sciences Wildau — «Көлік логистикасы» (ВА) мен «Телематика» (ВА) білім беру бағдарламалары бойынша DKU серіктесі;
- University of Applied Science Zittau/Görlitz — «Маркетинг» (ВА) пен «Қаржы» (ВА) мамандықтары бойынша DKU серіктесі;
- Rhine-Waal University of Applied Sciences — «Халықаралық қатынастар» (ВА) білім беру бағдарламасы бойынша DKU серіктесі.
«Қос диплом» бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Бағдарламадан орын алу үшін үш кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өту қажет:
- Неміс тілін білуі туралы TestDaF тесті
- Өтініш беру:
- Lebenslauf / неміс тілінде түйіндеме;
- Motivationsschreiben / неміс тіліндегі уәждемелік хат;
- TestDaF сертификатының көшірмесі. - Іріктеу кезеңі. Жеңімпаздарды құрамында DKU жетекшілері мен серіктес жоғары оқу орындарының, сондай-ақ DAAD Германия академиялық алмасу қызметінің өкілдері бар арнайы комиссия анықтайды.
* Барынша толық ақпаратты мына жерден қараңыз.
Бағдарламаға қатысу тегін. Германиядағы серіктес жоғары оқу орнында оқуға студенттерге шәкіртақы төленеді.
«Қос диплом» бағдарламасы — неміс үлгісіндегі диплом және Германияда оқу сияқты өте құнды тәжірибе, бұл DKU студенттері үшін бірегей мүмкіндік.