Қалай қатысуға болады
Бағдарламадан орын алу үшін үш кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өту қажет:
-
Неміс тілін білуі туралы TestDaF тесті
-
Өтініш беру:
- Lebenslauf / неміс тілінде түйіндеме;
- Motivationsschreiben / неміс тіліндегі уәждемелік хат;
- TestDaF сертификатының көшірмесі. -
Іріктеу кезеңі. Жеңімпаздарды құрамында DKU жетекшілері мен серіктес жоғары оқу орындарының, сондай-ақ DAAD Германия академиялық алмасу қызметінің өкілдері бар арнайы комиссия анықтайды.
* Барынша толық ақпаратты мына жерден қараңыз.
Бағдарламаға қатысу тегін. Германиядағы серіктес жоғары оқу орнында оқуға студенттерге шәкіртақы төленеді.
«Қос диплом» бағдарламасы — неміс үлгісіндегі диплом және Германияда оқу сияқты өте құнды тәжірибе, бұл DKU студенттері үшін бірегей мүмкіндік.