Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Outgoings

DKU-да шығыс академиялық ұтқырлыққа қатысудың екі тәсілі бар.

  • Біріншісі - қос диплом бағдарламасына қатысу. Қос диплом бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты мына жерде таба аласыз.
  • Екіншісі - серіктес-ЖОО-да оқу (шетелде немесе ел ішінде) бір семестр бойы оқу.

Ұтқырлық бағдарламасына қатысу шарттары

Ұтқырлық бағдарламасына бакалавриат 2−3 курс студенттері және магистратура 1 курс студенттері қатыса алады. Соңғы курс студенттері ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды, өйткені соңғы курста практикадан өту және дипломдық жұмысты жазу талап етіледі.
Сонымен қатар, егер студенттер шетелде серіктес-жоғары оқу орындарының бірінде оқуды жоспарлаған болса, оларда барлық пәндер бойынша жақсы үлгерімі және шет тілін меңгерудің жоғары деңгейі болуы тиіс.


Қаржыландыру

Студенттер қосымша қаржыландыру көздерін өз бетінше іздеп, гранттарға бере алады.
Сондай-ақ, студенттер үшін серіктес-университеттер немесе басқа елдердің білім министрліктері ұсынатын сыртқы гранттар болуы мүмкін.


Академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау мерзімі

  • Күзде жазғы семестрге өтінімдер беріледі
  • Көктемде қысқы семестрге өтінімдер беріледі

Өтінімдерді қабылдау нақты мерзімі университеттің сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылатын болады.


Бағдарламаға қатысу кезеңдері

1. Академиялық ұтқырлықтың қолжетімді бағдарламалары туралы хабарландырулар тақтасында және сайтта ақпараттар мен хабарландыруларды қадағалау.
Студент, сондай-ақ, серіктес-жоғары оқу орнын өз бетінше таңдап, өзін-өзі қаржыландыру шартымен бағдарламаға қатыса алады.

2. Серіктес-жоғары оқу орны туралы, мамандықтар мен ұсынылатын пәндер туралы, оқу және тұру шарттары туралы көбірек ақпарат алу. Қажетті ақпаратты алу үшін университеттің сайтына кіруіңіз қажет.

3. Егер сіз стипендиялық бағдарлама бойынша оқығыңыз келсе, конкурсқа қатысуыңызға болады. Егер сіз өзін-өзі қаржыландыру шартымен бағдарламаға қатысқыңыз келсе, халықаралық кеңсеге өз қалауыңыз туралы хабарлаңыз.

4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жинап, оларды халықаралық кеңсеге тапсыру.

5. Сәтті іріктелген жағдайда факультетте академиялық ұтқырлық бойынша семестрде өтуге талап етілетін кредиттер санын білу, серіктес-ЖОО-да оқу үшін пәндерді деканмен және оқытушылармен таңдау және келісу. Серіктес-ЖОО пәндері ҚНУ-да оқытылатын пәндермен барынша сәйкес келуі тиіс. Пәндерде академиялық айырмашылық болған жағдайда оларды қашықтықтан оқыту арқылы немесе ақылы негізде қайта оралғаннан кейін (факультетте келісу) оқып шығу қажет. Сонымен қатар, факультетте міндетті компоненттердің болуы туралы білу:

  • егер ондай бар болса, кету алдында немесе келу бойынша міндетті компоненттерден өту (факультетте келісу);
  • егер міндетті компоненттер болмаса, онда оқу тәжірибесінің болуы туралы білу қажет.

6. Академиялық ұтқырлық бойынша шығуға қажетті құжаттардың толық пакетін жинап, оларды халықаралық кеңсеге әкелу.

7. Визаға құжаттар беру және серіктес-ЖОО-да тұрғын үйді брондау.
Визаны және сақтандыруды студент өз бетінше рәсімдейді!

8. Шетелдік серіктес-ЖОО-да оқу кезінде халықаралық кеңсемен байланыс орнату. Оқу жоспарымен, модульдермен, кредиттермен немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлармен проблемалар туындаған жағдайда бұл туралы халықаралық офисті дереу хабардар ету қажет.

9. Серіктес-ЖОО-да оқуды аяқтап келген соң, 3 жұмыс күні ішінде талап етіледі:

  • халықаралық офисті қайтып келгені туралы хабарландыру,
  • халықаралық офиске транскриптты ұсыну,
  • ҚНУ-да оқуды қайта бастау туралы өтініш жазу
  • халықаралық кеңсеге шығармашылық есеп беру (бағдарламаның сипаттамасы, алған дағдылары, фото, ұсынымдар)

10. Факультет кредиттер мен пәндерді қайта есептейді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін халықаралық офиспен хабарласыңыз (2 кабинет, Пушкин ғимараты), тел. +7 (727) 355-05-51 (іш. 242).

Шетелде іс-тәжірибеден өту — мансап құрудың маңызды басымдығы. Сіз мамандық бойынша білік-дағды қалыптастырып қана қоймай, шетелде жұмыс істеудің баға жетпес тәжірибесін жинайсыз.

Біз Германияда іс-тәжірибеден өткісі келетін студенттерді қашанда қолдауға тырысамыз. Алайда сіз тағылымдамадан өтуге орынды өз бетіңізше тауып, онымен байланысты шығындар туралы да ойлануыңыз қажет. Біз екі ірі онлайн-биржамен танысуға кеңес береміз:

Демалыстарыңызды неміс тіліңізді жетілдіріп, саяхаттап пайдалы өткізіңіз! Мына жерде өзіңізге сәйкес жаздық тіл бағдарламасын тауып алыңыз: