Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Энергетика секторындағы ОА жас әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту»

2022 жылғы 14 шілдеде Нұр-Сұлтанда «Энергетика секторындағы ОА жас әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы шеңберінде жас әйелдердің жаңартылатын энергия көздері секторына қатысуына жәрдемдесуге бағытталған жоғары деңгейдегі кездесу және ЖЭК полигонына танысу сапары өтті.

Іс-шараны Қазақстан-Неміс университеті ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісінің бюросымен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесуге сондай-ақ қатысты:

  • ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова.
  • ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала.
  • Серіктес донор елдердің елшілері.
  • Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт.
  • 2022 жылы ЕҚЫҰ-ның поляк төрағалығының өкілі Томаш Коллат.
  • Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасы елшілігінің атташесі Гулбонуи Фазлиддин.

Энергетика саласындағы сарапшылармен бірге Қазақстан және Тәжікстан университеттерінің студенттері Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздеріне көшу әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндігі бола алатынын және халықаралық қоғамдастықтың осы көшуге ықпал етуде қандай рөл атқаруы мүмкін екенін талқылады.

Қатысушылар өнеркәсіп, ғылыми орта, азаматтық қоғам және басқа да халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесті. Энергетикалық секторда жұмыс істейтіндердің өмірінен нақты тәжірибені бірге талқылап, пікірлестермен, әлеуетті жұмыс берушілермен, әйелдер үшін рөлдік модельдермен және тәлімгерлермен әңгімелесті.

Бөлісу