«Білім Жібек жолы» конференциясының вебинарлары
2020 жылдың қараша айында «Білімнің Жібек жолы» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференция климаттың өзгеруі мен экология саласындағы барлық мүдделі тараптар арасында мықты ынтымақтастық орнатудың тұғырнамасы болды.
Конференцияға 300-ден астам адам қатысты. Тақырыптық сессияларда 32 халықаралық және жергілікті спикерлер сөз сөйледі:
Сессия 1: Климаттың өзгеруінің әсерін бағалау.
Сессия 2: Климаттың өзгеруі жағдайында су.
Сессия 3: Климаттың өзгеруі жағдайында жерді пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігі.
Сессия 4: Ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру үшін цифрландыру әлеуеті.
Сессия 5: Орталық Азиядағы су және климаттық қауіпсіздік.
Сессия 6: Климаттың өзгеруі жағдайындағы инфрақұрылым және логистика.
Сессия 7: Энергетикалық жүйелердің декарбонизациясы және климаттық бейтараптық.
Жастар сессиясы: суды ұтымды пайдалану.
Біз конференция материалдарын оған қатыса алмағандардың барлығымен бөлісуге қуаныштымыз. Жақын арада біз веб-сайтқа вебинарлар сериясын орналастырамыз conference. academic-waters.org.
Конференцияны Германия Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен Қазақстан-Неміс университеті ұйымдастырды.
Толығырақ ақпаратты алу үшін: iwrm@dku.kz.