«Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық қаупі" кітабының тұсаукесері
Қазақстан астанасында «Ертең кеш болды: Қазақстанның экологиялық қауіпі", бұл Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары бойынша ғылыми жобаның іске асырылу кезеңдері мен нәтижелерін сипаттайды. Бұл жобаны Досым Сәтпаевтың жеке қоры Қазақстан-Неміс университетімен серіктестікте, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің, Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының, сондай-ақ Living Asia эко-журналының қолдауымен іске асырды.
Эко-кітапты су ресурстарын басқару, ауаның ластануы, қалдықтарды басқару, жердің тозуы, биоалуантүрлілік, энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі, климаттың өзгеруі сияқты тақырыптар бойынша халықаралық консультанттарды тарта отырып, қазақстандық сарапшылар әзірледі. Кітап орыс және қазақ тілдерінде профайл сипаттамасындағы сілтеме бойынша қолжетімді.
Бұл жобаның негізгі мақсаттарының бірі экологиялық қауіптер мен тәуекелдердің Қазақстан экономикасы мен қоғамына тікелей және жанама әсерін көрсету, сондай-ақ осы қауіптердің алдын алу немесе салдарын азайту бойынша бірқатар ұсыныстар беру болды.
Іс-шара форматы:
Іс-шара Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте министрлік өкілдерін тарту және эко-кітапта қамтылған негізгі экологиялық мәселелер бойынша мүдделі тараптардың кең тобының хабардар болуын арттыру мақсатында өткізіледі.
Іс-шараның қатысушылары:
-
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын негізгі министрліктердің өкілдері;
-
Ғылыми қауымдастық өкілдері;
-
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Іс-шараның тікелей эфирі 17 маусым күні, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Барлық мүдделі тұлғаларға қосылу үшін сілтеме:
https://zoom.us/j/91889779135?pwd=Mkh6OCtYdjZGc1FwdURxLytQNlk3UT09
Конференция идентификаторы: 918 8977 9135, пароль 2021
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: j.dairova@dku.kz