Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Линген жазғы университеті 2022»: өтініштерді қабылдау ашық

Оснабрюк қолданбалы ғылымдар университеті, Линген кампусы (Германия) сізді халықаралық «Линген жазғы университетіне» (SUL) қатысуға шақырады.

Университет 2022 жылдың 10 шілдесі мен 23 шілдесі аралығында өтеді. Егер Covid-19 жағдайы бетпе-бет курстарды өткізуге мүмкіндік берсе, SUL 2022 тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өтеді.

SUL 2022 қатысушылары «Жаһандық ойыншылар мен жасырын чемпиондар: Германияда құрылған бизнес және технологиялар» тақырыбында жұмыс істейді.

Университеттің Линген аймағындағы компаниялармен тығыз ынтымақтастығы арқасында студенттер Германиядағы, атап айтқанда Линген қаласы мен оның айналасындағы компаниялардың аймақтық, халықаралық және жаһандық процедуралары туралы түсінік алу үшін бірнеше халықаралық компанияларға барады. Сондай-ақ бағдарламаға демалыс күндері Берлин, Мюнстер, Оснабрюк, Бременге сапарлар кіреді.

Бағдарламаға қатысу арқылы студенттер топтық жұмыс, мәдениетаралық қарым-қатынас, сыни тұрғыдан ойлау және т.б. дағдыларын жетілдіреді.

Дедлайн: 2022 жылғы 1 мамырға дейін.

  • Қатысу құны: 1 200 евро. 1 наурызға дейін өтініш берген студенттер 1000 евро көлемінде жарна төлейді. Құнға мыналар кірмейді: ұшулар, тамақтану үшін төлем, ойын-сауық және бос уақыт үшін қосымша шығыстар.
  • Өткізу тілі: ағылшын (В2 төмен емес)
  • Кім қатыса алады: ВА және МА студенттері
  • Кредиттер саны: 5 ECTS

Қатысу үшін университет сайтында тіркеу формасын толтыру қажет:
ttps://www.service4mobility.com/europe/BewerbungServlet?identifier=OSNABRU02&kz_bew_pers=S&kz_bew_art=IN&aust_prog=SUL&sprache=en

Келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:

  • CV
  • Уәждемелік хат
  • Транскрипт
  • Төлқұжат көшірмесі

Толығырақ мына жерде немесе мына сілтеме арқылы:
ttps://www.hs-osnabrueck.de/en/study/study-offerings/international/summer-and-winter-programs/summer-university-lingen/

Бөлісу