Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«Менталды денсаулық апталығы» қорытындылары

Біздің әрқайсымыз мезгіл-мезгіл стрессті, мазасыздықты, алаңдаушылықты және басқа да жағымсыз эмоцияларды сезінеміз. Біз үшін, университет ретінде, DKU-дің әрбір студенті мен қызметкері өзін ЖАҚСЫ сезінуі, өзін-өзі жүзеге асыру, белсенді оқу, оқудан тыс және жұмыс қызметі үшін жеткілікті қуат пен күш болуы маңызды.

«Менталды денсаулық апталығы» аясында біз тек дене денсаулығына ғана емес, психикалық денсаулығына да қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы, өзін-өзі реттеу мәселелерінде білім мен дағдылардың, өз уайымдарымызды пысықтаудың қажеттілігі туралы әңгімелестік.

DKU-да келесі іс-шаралар өтті:

  • «Жабайы» фильмінің көрсетілімі, фильмді кездесуге келген қатысушылармен талқылау.
  • «Ауыр стресс жағдайында оқу және жұмыс» тақырыбы бойынша психологпен кездесу, баяндамашы — Светлана Морозова, психолог, IAAP аналитикалық психология бойынша халықаралық Юнгиялық ұйымының мүшесі.
  • «Менталды денсаулық: оқу мен жұмыста тепе-теңдікті қалай сақтауға болады?» тақырыбында психологпен кездесу, баяндамашы — Гуля Жакупова, әлеуметтік қызметкер, психолог, зерттеуші, UNDP Staff Counsellor.
  • «Жағымсыз көзқарастар дегеніміз не және олардан қалай арылуға болады» тақырыбында психологпен кездесу, баяндамашы — Вероника Пивкина, психолог, отбасы психологы, Қазақ психологтар қауымдастығының және «Инсайт» арт-терапиялық орталығының сертификатталған маманы.
  • Шебер сынып «Айналынды ұйымдастыру мазасыздық арқылы жұмыс істеу тәсілі ретінде», баяндамашы — Наиля Саниязова, психолог, DKU ӘЖжМ бөлімінің басшысы.

«Халықаралық қатынастар» бағдарламасының 2 курс студенттік жобалық командасына, STURA командасына, Der Kinoclub командасына аптаны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларға «Менталды денсаулық апталығы» оқиғаларына белсенді қатысқаны үшін, өзіңізге және басқаларға көбірек білуге деген ықыласыңыз үшін, қызығушылығыңыз бен қызықты сұрақтарыңыз үшін, нәтижелі әңгімелер мен қызықты талқылаулар үшін алғысымызды білдіреміз.

Бөлісу