Академик Шахмардан Есенов атындағы қордың стипендиялары
Сізді академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының конкурстық стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысушылар: қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2−3 курстарында немесе магистратураның 1 курсында және интернатураның 1 курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер, 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.
Бағдарлама шеңберінде 27 000 теңгеден 17 стипендия бөлінетін болады. Олар 2021 жылғы мамырдан желтоқсанға дейінгі кезеңде ай сайын төленетін болады.
Ш. Есенов атындағы стипендия конкурсына қатысу үшін сізге:
- Қор сайтында онлайн-өтінішті толтыру — www.yessenovfoundation.org
- Өтінішке қоса жіберу:
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік сканы.
- «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Мен үшін не маңызды және неге?» тақырыбына жазбаша өтініш (өтініш тек жазбаша түрде берілуі мүмкін).
- Студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес). Балы 3,0-ден төмен өтінімдер қаралмайды.
- Магистратура студенттері үшін (бакалавр, маман) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі.
Қосымша құжатар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар — 2 сертификаттан артық емес*.
- Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік сертификаттары — 3 сертификаттан артық емес*.
- Жарияланым — 2 жарияланымнан артық емес*.
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Сіз өзіңіздің жетістіктеріңізді жақсы көрсететін сертификаттарды өзіңіз таңдауыңыз керек.
Өтінімдер Қордың сайтында 2021 жылғы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша
15:00-де аяқталады (GMT+6).
Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Стипендиялық бағдарлама бойынша ереже.