Арал теңізіндегі апат: біз жаңашыл құтқарушыларды іздейміз
Жазы +45-ке дейін, қысы -40-қа дейін, шаңды дауылдар, улы тұздар мен химиялық заттар бар. Жайылымдар кең шөлге айналды, балық аулайтын ауылдар өмір сүру үшін күресетін отбасыларға толы.
Апокалиптикалық фантастика сияқты ма? Арал өңіріндегі өмір осындай. Бірақ сіз бұл шындықты өзгерте аласыз және Арал теңізін мүмкіндіктер теңізіне айналдыра аласыз. Арал өңірінің тозған жерлерін қалпына келтіруге көмектесе аласыз.
Дүниежүзілік банк «Арал теңізі бассейніндегі жерлерді қалпына келтіру саласындағы серпінді және инновациялық технологиялар конкурсы (Қазақстан & Өзбекстан)» жобасын іске қосады. Байқау Арал теңізі аймағын инновациялық тәсілдер мен технологиялар, сондай-ақ жерді қалпына келтіру үшін экологиялық таза шешімдер арқылы қайта өркендетуге бағытталған.
Конкурстың төрт жеңімпазы өздерінің бизнес-жоспарларын іске асыру үшін 50,000 АҚШ долларына дейін алады.
Егер сізде Арал теңізі бассейніндегі жағдайды өзгерту үшін жақсы және инновациялық шешім болса, онда осы байқауға қатысыңыз.
Бұл жоба Орталық Азия үшін Су-энергетикалық бағдарламаның (CAWEP) қолдауымен, Дүниежүзілік Банктің басшылығымен іске асырылады, оны Еуропалық Одақ, Швейцария және Біріккен Корольдік қаржыландырады, сондай-ақ RESILAND CA+тұрақты ландшафтын қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жобаны Қазақстан-Неміс университеті (DKU) Ландшафттардың жаһандық форумымен (GLF) серіктестікте іске асыруда.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы 2020 жылғы қарашаның басында жарияланатын болады.
Қосымша ақпарат бойынша Балжан Жұмағазинаға жолығуыңызды сұраймыз, zhumagazina@dku.kz.