Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Арал өңірін қалпына келтіру үшін инновациялық шешімдер конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Қатысуға Орталық-Азиялық және халықаралық ҮЕҰ, білім беру және зерттеу мекемелерін, стартаптар мен жаңашылдарды шақырамыз.

Жеңімпаздар марапаттарға, сондай-ақ тренингтерден өту және 2021 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында тәлімгерлік бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Конкурс туралы толығырақ ақпаратты және қатысуға өтінімді мына сілтеме арқылы жүзеге асыра аласыз: events.globallandscapesforum.org/disruptive-technology/.

Конкурс Арал теңізі өңірінің (Қазақстан және Өзбекстан) жергілікті экожүйелеріндегі жағымсыз салдарларды жұмсарту үшін пайдаланылатын серпінді инновациялық шешімдерді тартуға бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін (қоса алғанда) ағылшын тілінде қабылданады.

Жобаны Қазақстан-Неміс университеті (DKU) Ландшафттардың жаһандық форумымен (GLF) және Plug and Play (P&P) әріптестікте, Дүниежүзілік Банктің басшылығымен Орталық Азияға арналған Cу-энергетикалық бағдарламаның (CAWEP) қолдауымен іске асырылады және Еуропалық Одақ, Швейцария және Біріккен Корольдік қаржыландырады.

Жоба сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің RESILAND CA+ тұрақты ландшафтын қамтамасыз ету жөніндегі Орталық Азия бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Қосымша ақпарат zhumagazina@dku.kz (Балжан Жұмағазина).

Бөлісу