Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бакалавриат пен магистратураның 1 курс студенттері үшін маңызды ақпарат!

Құрметті DKU студенттері мен магистранттары!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдары негізінде 2020−2021 оқу жылының жазғы семестрінде бакалавриат пен магистратураның 1 курс білім алушылары үшін оқу процесі аралас форматта өтетінін хабарлаймыз.

Бұл формат сабақтарды ішінара онлайн және офлайн режимінде өткізуді қамтиды (сабақтарды аудиторияда өткізудің классикалық түрі). Бакалавриаттың 2−3 курс, магистратураның 2 курс білім алушылары оқуын онлайн форматта жалғастырады.

2020−2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге сәйкес 2 семестрдегі сабақтар: бакалавриаттың 1 курсы үшін — 2021 жылғы 25 қаңтарда, магистратураның 1 курсы үшін — 2021 жылғы 1 ақпанда басталады. 2020−2021 оқу жылының 2 семестріне арналған сабақ кестесімен семестр басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей танысуға болады. Оқу процесіндегі барлық өзгерістер туралы біз қосымша хабарлайтын боламыз.

Өз тарапынан DKU оқу корпустарында және үй-жайларда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді:

  • бетперде режимін қамтамасыз ету
  • әлеуметтік арақашықтықты қамтамасыз ету
  • кварцтаудың тұрақты процедурасын жүргізу
  • ғимаратқа кіре берісте және күні бойы дене температурасын бақылауды қамтамасыз ету
  • медициналық және техникалық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде оқыту форматында өзгерістер болуы мүмкін.

DKU-дың ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарында, сондай-ақ электрондық пошталарда қосымша ақпаратты қадағалаңыз.

Сұрақтарыңыз болса, оқу бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: 355 05 51, ішкі 222/924 немесе электрондық пошта арқылы: studoffice@dku.kz.

Бөлісу