Берлин депутаттар палатасының оқу қорынан шәкіртақылар
Берлин депутаттар палатасының оқу қорынан шәкіртақы алуға мүмкіндігіңіз бар!
Бұл стипендиялық бағдарлама, кем дегенде, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша бакалавр дәрежесі бар, зерттеу және оқу жобалары Берлинмен тақырыптық немесе институционалдық байланысы бар университет түлектеріне арналған. Шәкіртақылар Берлиннің барлық мемлекеттік және мемлекет тарапынан танылған университеттері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде әрі қарай ғылыми білім алу үшін жарамды.
Жыл сайын Берлин депутаттар палатасының оқу қоры 15 стипендия бөледі, олардың әрқайсысы 10 айға есептелген және құрайды:
айына 1.100 еуро түлектер мен аспиранттар үшін.
айына 1.630 еуро ғылым кадидаттары үшін.
Өтініштерді беру мерзімі: 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін.
Бағдарламаның ұзақтығы: 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 шілдеге дейін.
Тарихи анықтама:
Берлин депутаттар палатасын оқыту қоры Берлин парламентімен 1994 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше онжылдықтар бойы Берлиндегі қоғамдық өмірге айтарлықтай әсер еткен одақтас елдерге алғыс ретінде құрылған болатын. Бұл оқу қорының басты мақсаты — Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Ресей, Қазақстан, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдерімен байланысты қолдау және кеңейту.
Шәкіртақыны беру шарттары туралы толығырақ ақпаратты мына сайттан таба аласыз: www.parlament-berlin.de/de/Das-Parlament/Studienstiftung
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!