Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Бос білім беру гранттарын тағайындау үшін DKU студенттері арасында конкурс

Хабарландыру: бос білім беру гранттарын тағайындау үшін Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде оқитын студенттер арасында конкурс өткізу туралы.

Конкурс «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4-тармағының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде оқитын және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларының топтары, курстары мен оқыту нысандары бөлінісінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған студенттер қатыса алады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;

2) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің отырысында қаралады.

Білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің шешімі, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі.

ЖОО атауы

Бағыттардың коды және классификатор

Білім беру бағдарламалары тобының коды және атауы

Курс/Бос орын

1

Қазақстан-Неміс Университеті

6В071

Инженерия және инженерлік ісі

В062 Электртехникасы және энергетика

2/1

2

6В061

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057 Ақпараттық технологиялары

2/2

3

6B113

Көлік қызметі

В095 Көлік қызметі (қазақ бөлімі)

2/1

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 07 желтоқсаннан 2021 жылғы 06 қаңтарға дейін 18.00-ге дейін (Астана қ. уақытымен).

Барлық сұрақтар бойынша: тел. +7 727 355 05 51, ішкі 209 немесе e-mail: academic@dku.kz.

Бөлісу