Біздің магистранттар тәжірибеден қалай өтіп жүр
2021 жылдың наурыз айының соңына дейін біздің Су ресурстарын бірігіп басқару бағдарламасының (СРББ) 2 курс магистранттары ғылыми тәжірибеден өтеді. Біз бұған дейін осы тақырыпта 3 хабарлама жариялаған болатынбыз.
Бұл жолы біздің Тәжікстандық студенттеріміз тәжірибеден қалай өтіп жүргендері туралы әңгімелерімен бөлісті.
Мысалы, Орзу Одинаев Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қоршаған ортаны қорғау Комитетінің Гидрометеорология агенттігінде (http://meteo.tj/, https://www.facebook.com/tajhydromet) тағылымдамадан өтіп жүр. Орзу атап өткендей, оның міндетіне көптеген мәліметтермен жұмыс кіреді: «Мен гидрологиялық кадастр құруда, шетелдік модельдер көмегімен гидрологиялық болжамдау принциптері мен әдістерін зерттеуде, сондай-ақ доплерлік профилографты қолдана отырып, елдің гидропостарындағы дала жұмыстарында (су шығынын өлшеу және басқа гидрологиялық параметрлер) алған жаңа тәжірибемнен қуаныштымын».
Оның отандасы Мехрочиддин Рачабов Душанбе қаласындағы ХАҚҚ Атқарушы комитетінде өзінің тәжірибесі туралы бейне-пікір дайындады. Мехрочиддин бізге: «Қазақстан-Неміс университетінде жинақталған тәжірибе, дағдылар мен білім маған қойылған міндеттерді шешуге, сондай-ақ СРББ процесін Тәжікстанның мысалында ішінен қарастыруға көмектеседі" деді.
Бейне-пікір мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.youtube.com/watch?v=hCyoDS6NSu8.
Студенттерімізге тәжірибеден өтулеріне табыс тілейміз!