Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

ЖЭК саласындағы білім беру саясатын талқылау үшін дөңгелек үстел

2020 жылдың 15 желтоқсанында Renewable Energy Trip 2020 жобасы шеңберінде Алматы қаласындағы Қазақстан-Неміс университеті (DKU) базасында онлайн және офлайн форматта «Жаңартылатын энергетика (ЖЭК) және энергия тиімділігі (ЭЭ) бойынша білім беру саясатын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Renewable Energy Trip 2020 жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үздік тәжірибелерін зерттеуге арналған білім беру сапары» жобасын DKU Табиғи ресурстар институты Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ), Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің (BMU), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен және қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының (SPAQ) тікелей қолдауымен орындайды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстанда ЖЭК және ЭЭ саласындағы білім беруді дамыту саясаты және бизнес пен өнеркәсіптің мамандарға қажеттілігі мәселелерін талқылау болды.

Іс-шараның мақсаттары:

1) мемлекеттік ұйымдар, Қазақстанның білім беру және энергетика салалары тұрғысынан, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен бизнес тұрғысынан Қазақстанда ЖЭК және ЭЭ саласындағы білім беруді дамыту саясатын талқылау;

2) Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім беруді дамытудағы университеттер мен халықаралық бағдарламалардың үлесін талқылау;

3) Қазақстандағы ЖЭК және ЭЭ саласындағы мамандарға бизнестің қажеттіліктерін талқылау.

Дөңгелек үстелді DKU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Д-р Барбара Януш-Павлетта мен Қазақстан Күн энергетикасы қауымдастығының (SPAQ) Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапеновтың алғы сөзімен ашты.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің өкілі, «Rena» Ұйымының Академиялық бағдарламалар және кәсіби даярлау бөлімінің басшысы Ута Царингер, сәйкесінше USAID Power Central Asia жобасының жетекшісі және басшының орынбасары Майкл Бойд пен Баян Абылкаирова сөз сөйледі.

Сондай-ақ, сөз бизнес өкілдеріне, соның ішінде Германиядағы шағын бизнес өкілдеріне, сондай-ақ Орталық Азия, Қазақстан және Германиядан келген дөңгелек үстел қатысушылары — жоғары оқу орындарының өкілдеріне берілді.

«RE Trip 2020» білім беру сапары туралы қызықты баяндаманы қатысушылар ұсынды.

Дөңгелек үстелде «Жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігінің стратегиялық менеджменті" DKU жаңа магистрлік білім беру бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бұл бағдарлама Қазақстандағы ЖЭК секторындағы жаңа сапалы элемент болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, соның ішінде ОА елдері мен Қазақстанның бизнес және білім беру өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Жасыл экономика басқармасының өкілдері ЖЭК және ЭЭ бойынша бизнес және өнеркәсіп саласындағы мамандардың қажеттіліктерін қарастырды.

Қатысушылар жоғары білім беру әлеуеті мәселелерін белсенді талқылады, сондай-ақ электр станцияларының ЖЭК қажеттіліктеріне арналған жабдықтарды өндіру бойынша қуаттарды жөнге салу қажеттілігі немесе керісінше тиімсіз болуы туралы мәселені көтерді.

Өткен дөңгелек үстел Қазақстанда жаңартылатын және таза энергия көздерін дамыту жолындағы тағы бір қадам болды.

Қосымша апаратты алу үшін хабарласыңыз:

  • Алексей Кобзев, ЖЭК және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар менеджері DKU, kobzev@dku.kz, +77770333264.
  • Дана Жунисова, DKU жобаларының ассистенті, zhunissova@dku.kz.
Бөлісу