ЖЭК саласындағы білім беру саясатын талқылау үшін дөңгелек үстел 15.12.2020
Сіздерді Renewable Energy Trip 2020 жобасы шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) және энергия тиімділігін (ЭТ) дамытуға арналған білім беру саясатын талқылау бойынша онлайн-дөңгелек үстелге шақырамыз.
Іс-шараға ҚР Энергетика министрлігі, Орталық Азия және Германия ЖОО өкілдері, ЖЭК саласындағы бизнес қауымдастықтарының өкілдері, халықаралық ұйымдар және т. б. қатысады.
- Өткізу күні: 15 желтоқсан 2020 жыл
- Уақыты: 14:00 (Алматы уақытымен)
Іс-шара орыс және ағылшын тілдерінде (ілеспе аудармамен) өткізіледі.
Дөңгелек үстелдің тақырытары:
- Қазақстанда ЖЭК және ЭТ саласындағы білім беруді дамыту саясаты.
- Қосымша білім беру және осы сала мамандарының біліктілігін арттыру.
- Университеттер мен халықаралық бағдарламалардың Қазақстан мен Орталық Азиядағы арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлесі.
- ЖЭК және ЭТ саласындағы мамандарға бизнес пен өнеркәсіптің қажеттілігі.
Zoom конференциясына мына сілтеме бойынша қосылыңыз:
https://zoom.us/j/99445448139?pwd=WlhERE5EOHdLN0IzeFBsWWxBUjU0QT09
- Конференция идентификаторы: 994 4544 8139
- Қосылу коды: 571620
«Renewable Energy Trip 2020: жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үздік тәжірибелерін зерттеуге арналған білім беру сапары» жобасы Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ), Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігінің (BMU), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Күн энергетикасы қауымдастығының (SPAQ) тікелей қолдауымен жүзеге асырылады.
Біздің дөңгелек үстелге қосылыңыз!
Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс ақпараттары бойынша хабарласуыңызға болады:
Алексей Кобзев, ЖЭК және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар менеджері, DKU, kobzev@dku.kz, 87770333264
Дана Жүнісова, жоба ассистенті, DKU, zhunissova@dku.kz.