Жаһандық су әріптестігінің интерактивті онлайн-отырысына шақырамыз, 16.03.2021
Біз сіздерді «Өзен бассейні ұйымдары (ORB) және елдердің шарттық міндеттемелерді орындауы» интерактивті онлайн кездесуіне шақырамыз.
- Күні: 16 наурыз 2021 ж.
- Уақыты: 20:00 (Алматы уақытымен)
Іс-шарада DKU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, з.ғ.д. Барбара Януш-Павлета спикер болады.
Кездесу мақсаттары:
- ORB елдеріне шарттық міндеттемелерін орындауда және олар кездесетін кейбір мәселелер мен мүмкіндіктер бойынша тәжірибе алмасуда қолдау көрсетудің әртүрлі жолдарын зерттеу
- пікірталас топтары шеңберінде өзекті мәселелерді талқылау.
Спикерлері:
әлем университеттерінің профессорлары, желілер және трансшекаралық су ынтымақтастығы жөніндегі мамандар, заңгерлер, Дүниежүзілік банк өкілдері, трансшекаралық жобаларға қатысушылар, өзендерді қорғау жөніндегі мамандар.
Профиль тақырыбындағы сілтеме бойынша тіркеліңіз / https://www.gwp.org/en/About/more/Events-and-Calls/2021/interactive-online-session-river-basin-organisations-and-the-implementation-of-treaty-commitments/ .
Ұйымдастырушылар: Жаһандық су серіктестігі және Ухань Халықаралық су құқығы академиясы.
Бұл іс-шара «тұщы судың қауіпсіздігін басқарудың трансшекаралық пойызы» онлайн-кездесулер сериясы аясында өтеді. Сабақтар әлемнің түрлі нүктелерінде тоқтайтын «пойыз» режимінде өткізіледі. Әрбір аялдамада трансшекаралық тұщы сулардың қауіпсіздігін басқару бойынша үлкен ашық онлайн-курстың (MOOC) жеке тақырыбы зерттеледі.