Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Кремс университетінің Жазғы мектебіне қатысуға тіркеу ашылды

Кремс қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия) студенттерді 2021 жылғы 5−16 шілде аралығында өтетін «Халықаралық бизнестегі инновациялар» Кремс университетінің Жазғы мектебіне қатысуға шақырады.

Бағдарламаға академиялық, әлеуметтік және мәдени шаралар кіреді (қалалық турдан бастап, Хюригер шарап тавернасына баруға дейін).

Бағдарламаның мақсаты-шетелдік студенттерге австриялық және еуропалық мәдениеттермен танысуға және денсаулыққа қатысты сақтық шараларын сақтай отырып, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беру.

  • Іс-шара тілі: ағылшын
  • Кім қатыса алады: бакалавриат студенттері
  • Кредиттер: 6 ECTS кредит.

Студенттер бағдарлама бойынша оқу ақысын төлемейді. Алайда, бағдарлама қызметтері үшін ақы алынады, ол 515 еуроны құрайды.

Дедлайн: 21 сәуір 2021 ж.

Бағдарламаға қатысатын студенттер IMC сертификатын алады. Бағалау курстың басталуына дейін тапсырмаларды орындауды, сабақтарға белсенді қатысуды, жобалардың қорытынды презентацияларын орындауды және таңдаудың бірнеше нұсқалары бойынша қорытынды бағалаудан өтуді қамтиды.

Қызығушылық танытқан студенттер ағылшын тілінде түйіндеме мен мотивациялық хатты келесі электрондық пошталарға жіберуі керек: int_office@dku.kz, visa@dku.kz

Қосымша ақпаратты МЫНА ЖЕРДЕ немесе сілтеме бойынша таба алаыз:
https://www.fh-krems.ac.at/en/university/media-portal/events/imc-summer-school-2021−2021−07−05/

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, 355−05−51 (ішкі 242).

Бөлісу