Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Көктемгі маркетингтік бағдарлама және Кремс университетінің жазғы мектебі

Көктемгі маркетингтік бағдарлама және Кремс университетінің жазғы мектебі

Кремс қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия) студенттерді келесі іс-шараларға қатысуға шақырады:

  • Көктемгі маркетингтік бағдарлама, 16−27 мамыр 2022 ж.

  • Кремс университетінің жазғы мектебі: «Халықаралық бизнестегі инновациялар», 4−15 шілде 2022 ж.


Көктемгі маркетингтік бағдарлама, 16−27 мамыр 2022 ж.

Бағдарламаның мақсаты: оның барлық қатысушылары арасында жоғары сапалы академиялық және мәдениетаралық тәжірибені меңгеру.

Кім қатыса алады: Экономика және кәсіпкерлік факультетінің бакалавриат студенттері. Бағдарламаларды сәтті аяқтау үшін 6 ECTS кредиті беріледі.

Іс-шара тілі: ағылшын.

Студенттер бағдарлама бойынша оқу ақысын төлемейді. Алайда, бағдарламаның қызметтері үшін төлем бар, оның сомасы 515 еуроны құрайды.

Дедлайн: 24 ақпан 2022 ж.

Көктемгі маркетингтік бағдарламаның бірінші аптасы Венада, екінші апта Кремсте (Венадан пойызбен шамамен бір сағат) өтетінін атап өткен жөн. Қатысушылар тұрғылықты жерін өзгерте алады немесе бір жерде тұра алады.

Қызығушылық танытқан студенттер ағылшын тілінде түйіндемелері мен уәждемелік хаттарын мына мекенжайларға жолдауы тиіс: int_office@dku.kz, visa@dku.kz

Толығырақ ақпаратты мына жерде таба аласыз. Және мына сілтеме арқылы:
Marketing Spring Program 2022 | IMC FH Krems (fh-krems.ac.at)

Орындар саны шектеулі. Іріктеу Кремс Университетімен жүргізіледі.


Кремс университетінің «Халықаралық бизнестегі инновациялар» жазғы мектебі,
4−15 шілде, 2022 ж

Бағдарлама академиялық, әлеуметтік және мәдени іс-шараларды, соның ішінде қалалық турларды және әртүрлі көрікті жерлерге баруды қамтиды. Бағдарламаның мақсаты: шетелдік студенттерге австриялық және еуропалық мәдениетпен танысуға бірегей мүмкіндік, қарым-қатынас және желілік шеңберді кеңейту.

Өткізу тілі: ағалышын.

Кім қатыса алады: бакалавриат студенттері.

Кредиттер: 6 ECTS кредиті.

Студенттер бағдарлама бойынша оқу ақысын төлемейді. Алайда, бағдарлама қызметтері үшін төлем алынады, оның сомасы 490 еуроны құрайды.

Дедлайн: 9 наурыз 2022 ж.

Бағдарламаға қатысатын студенттер IMC сертификатын алады. Бағалау курстың басталуына дейін тапсырмаларды орындауды, сабақтарға белсенді қатысуды, жобалардың қорытынды презентацияларын орындауды және таңдаудың бірнеше нұсқалары бойынша қорытынды бағалаудан өтуді қамтиды.

Қызығушылық танытқан студенттер ағылшын тілінде түйіндемелері мен уәждемелік хаттарын мына мекенжайларға жолдауы тиіс: int_office@dku.kz, visa@dku.kz

Барлық қосымша ақпаратты мына жерде таба аласыз. Сондай-ақ, мына сілтеме арқылы:
https://www.fh-krems.ac.at/en/university/media-portal/events/imc-summer-school-2022−2022−07−04−1/

Іріктеу Кремс Университетімен өткізілетін болады.


Бағдарлама шеңберіндегі белсенділік денсаулыққа қатысты қажетті сақтық шараларын сақтай отырып жүргізілетінін атап өткен жөн.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз:

Бөлісу