Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Миколас Ромерис университетінде (Литва) 2022−2023 қысқы семестрінде оқу

Бакалавриаттың 3 курс және магистратураның 1 курс студенттерінің назарына!

Миколас Ромерис университеті (Литва) серіктес университеттердің студенттерін 2022−2023 қысқы семестрде оқуға шақырады.

Студенттерге Литва үкіметінен бір семестрге шәкіртақы алуға мүмкіндік беріледі (2022−2023 қысқы семестр). Шәкіртақы туралы барлық қажетті ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз: https://studyin.lt/scholarships/short-term-studies/

Талаптар:

  • Ағылшын тілі деңгейі В2 төмен емес.
  • Оқудың барлық семестрлері үшін жақсы GPA.

Қажетті құжаттар:

Үміткерлер аталған құжаттардың көшірмелерін онлайн өтінім жүйесі арқылы ұсынуы керек: apply.scholarships.lt/en_GB/courses/course/237-shortterm-studies-students:

1. Толтырылған өтініш формасы (онлайн өтінім жүйесі арқылы).

2. Үш тарап — үміткер, жіберуші және қабылдаушы мекемедегі жауапты тұлға (үлгі бойынша) қол қойған оқуға шартты келісім. Шартты келісім нысанын ОСЫ ЖЕРДЕ таба аласыз.

3. Профессор немесе басқа ғылыми қызметкер, тәлімгер немесе жұмыс беруші толтырған және қол қойған бір ұсыныс хат (үлгіні пайдалана отырып).

4. В2-ден төмен емес ағылшын тілін білу сертификаты. Сіз TOEFL, IELTS, CPE немесе басқа танылған ағылшын тілін білу емтихандарын тапсыра аласыз. Немесе ҚНУ Тілдерді оқыту және сертификаттау институтынан ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификатты қабылданады.

5. Оқудың барлық семестрлері үшін транскрипт.

Соңғы қабылдау мерзімі: 29 сәуір 2022 жыл.

!Назар аударыңыз: құжаттарды тапсырмас бұрын, Миколас Ремерис университетінің сайтында сіздің мамандығыңызға сәйкес келетін пәндердің бар-жоғын тексеріңіз.

Іріктеуді Миколас Ромерис университеті жүргізеді.

Толығырақ: https://www.mruni.eu/en/news/mru-invites-students-from-partner-universities-for-1−2-semester-studies-apply-for-state-scholarship/


Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, +7 (727) 355-05-51 (ішкі 242).

Бөлісу