Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Неміс режиссерлерінің көркем фильмдерінің ашық аспан астында көрсетілімдері

9 маусымнан бастап Қазақ-Неміс университеті Қазақстандағы Гете-Институтымен бірлесе отырып, мәдени аулада ашық аспан астында неміс режиссерлерінің көркем фильмдерінің көрсетілім сериясын ашты.
Біздің қонақтарымыздың алдында dku халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Барбара Януш-Павлетта және Гете-Институтының директоры Фридерике ван Степхаудт құттықтау сөз сөйледі. 2015 жылы кинопрокатқа шыққан режиссер Вольфганг Беккердің «Мен және Камински» фильмі алматылық көрермендерге алғашқы кинокартина болды. Онда жас журналист суретші Мануэль Камински туралы мақала жазуды қалай шешкені және олардың таныстарының арқасында кейіпкерлердің өмірінде қандай маңызды оқиғалар болғандығы туралы баяндалады.
Көрермендер фильмдерді және іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, енді мұндай кинокөрсетілімдер тұрақты негізде өтеді деген үмітін білдірді.

Өз кезегінде Қазақстан-Неміс университетінің өкілі Барбара Януш-Павлетта өзінің бейне үндеуінде біздің университет DKU ауласының Алматыдағы неміс мәдениетінің орталығына айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Толық бейне біздің Youtube арнамызда қолжетімді.

Спикерлердің толық сұхбатын Қазақстан немістерінің Youtube-арнасынан табуға болады.

Бөлісу