Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Су жобаларының бірінші қазақстандық республикалық конкурсы

Алматы қаласындағы Халықаралық Мирас мектебі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры Стокгольм Халықаралық су институтының (Stockholm International Water Institute SIWI) көмегімен ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫН өткізеді

Қазақстан-Неміс университеті байқаудың ресми серіктесі болып табылады.

Конкурс Су дайындау, су тазарту және су ресурстарының биологиялық әртүрлілігін қолдау мәселелерін шешуге бағытталған жоғары сынып оқушыларының тұрақты су пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық және жобалық қызметін дамыту және көтермелеу мақсатында өткізіледі және Stockholm Junior Water Prize беделді халықаралық байқауының ұлттық кезеңі болып табылады.

Stockholm Junior Water Prize Швеция королевасының қамқорлығымен өткізіледі және 1997 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінен мыңдаған қатысушыларды жинайды.

Қазақстандық кезеңге онлайн режимінде 14−18 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің жоғары сынып оқушылары қатысады. Бүгінгі таңда Қазақстанның түрлі қалаларындағы 17 мектептің 30-ға жуық жобасы тіркелген. Жобалардың таныстырылымы 19−23 сәуір аралығында өтеді.

Конкурс жеңімпаздарын құрамына экология, химия, физика, биотехнология саласындағы сарапшылар кіретін тәуелсіз беделді қазылар алқасы анықтайды.

Үздік жоба Stockholm Junior Water Prize 2021 халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болады.

Конкурс туралы толық ақпарат сайтта http://www.miras.kz/ru/waterproject

Байланысушы тұлға:

Асель Абдрахманова

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» ҚҚ

+7 701 999 31 37

+7 272 313 25 84

Бөлісу