Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Су ресурстарын басқаруға Орталық Азия әйелдерінің қатысуы

Сіздер білетіндей, сонау 1992 жылы БҰҰ конференциясында «Әйелдер су ресурстарымен қамтамасыз етуде, басқаруда және қорғауда басты рөл атқарады» деген негізгі қорытынды жасалған болатын.

Бұл әсіресе Орталық Азия елдеріне тән.

Сондықтан әйелдердің су ресурстарын басқаруға тартылуын күшейту өте маңызды.

2020 жылы Орталық Азия мен Ауғанстанның университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары мен оқытушыларын қолдау мақсатында мынадай салаларда зерттеулер жүргізетін жоба іске асырылды:

— су және энергетикалық ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану,

— климаттық өзгерістер,

— су ресурстарын басқарудағы гендерлік аспектілер.

Жобалық команда су ресурстарын басқару саласындағы гендерлік тақырып бойынша бірқатар онлайн-конференциялар өткізді (ресурсқа сілтеме бойынша қол жеткізу http://cakn.online/gender-water/).

Жобаны жүзеге асырған:

— Дүниежүзілік банк тобының (WBG CAKN) Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарламасының (CAWEP) Орталық Азия білім алмасу желісі)

— Қазақстан-Неміс университетімен серіктестікте (DKU).

Конференция нәтижесі қатысушылар дайындаған «Су ресурстары секторындағы гендерлік проблемаларға практикалық көзқарас» мақалалар жинағы болды (http://cakn.online/wp-content/uploads/collection_rus.pdf).

Осы бастаманың арқасында жас ғалымдар, зерттеушілер, халықаралық және өңірлік сарапшылар, сондай-ақ студенттер Су ресурстарын басқару саласындағы негізгі гендерлік мәселелерді талқылауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық деңгейіндегі барлық адамдардың әлеуетін дамытуға ықпал етуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде осы тақырып бойынша төрт ғылыми мақала дайындауға көмек көрсетілді, олар таяуда Ортаазиялық су ресурстарын зерттеу журналында жарияланды (CAJWR, http://academic-waters.org/ru/rabota-s-nami/centralnoaziatskij-zhurnal-issledovanij-vodnyh-resursov/). Журналды DKU Табиғи ресурстар институты шығарады.

2021 жылы Дүниежүзілік Банктің CAKN желісінің командасы әйелдер арасында хабардарлық деңгейін арттыруды, оқыту жүргізуді және трансшекаралық біліммен алмасуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба менеджері және CAKN үйлестірушісі Юлия Комагаеваға хабарласыңыз (jkomagaeva@worldbank.org).

P. S.: мақаланың толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді http://wrld.bg/6NdG30rtGrz.

Бөлісу