DKU студенттер арасында конкурс жариялайды!
Құрметті студенттер!
DKU 2021−2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бос білім беру гранттарын беру үшін Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде оқитын студенттер арасында конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеуге білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысының «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босатылған «бакалавр» немесе «магистр» ғылыми дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру тәртібі" 4-тармағының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларының топтары, курстары мен оқыту нысандары бөлінісінде конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырған Қазақстан-Неміс университетінде ақылы негізде оқитын студенттер қатыса алады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
- келіп түскен өтініштер Ғылыми кеңестің отырысында қаралады;
- кандидатурасы Ғылыми кеңестің шешімімен мақұлданған студенттің құжаттары шешім қабылдау үшін ҚР БҒМ-не жіберіледі.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талап — жақсы академиялық үлгерім және тиісті оқу кезеңі үшін жоғары GPA балы.
Қазіргі уақытта 6 бос грант бар:
1. Кадрларды даярлау бағыты 6В071 «Инженерия және инженерлік іс».
«Энергетикалық және экологиялық технология» білім беру бағдарламасы.
— 1 курс / 5 орын.
Оның ішінде:
- квота бойынша ауыл жастарына — 2 орын
- квота бойынша көп балалы отбасына — 1 орын
- негізгі грант — 2 орын
2. Кадрларды даярлау бағыты 6В061 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».
«Экономикадағы ақпараттық инжиниринг», «Телематика», «Mobile computing» білім беру бағдарламалары.
— 2 курс / 1 орын (негізгі грант).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылғы 20 шілдеге дейін.
Байланыс тел. 3550551, ішкі 209, e-mail: academic@dku.kz
Өтініш үлгісі
Қазақстан-Неміс Университетінің Ректоры
А.А. Ажибаеваға
____________________________факультет
____________________________
білім беру бағдарламасының
_______________________________ _ _ курс студентінен
Аты-жөні______________________________
Өтініш
Мені ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға ауыстыруыңызды сұраймын. Мен өзімнің GPA баллымды ашық қоғамдық желілерде жариялауға келісемін.
Күні:
Қолы: