Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Өмірсерік Қасенов атындағы Орталық Азия бойынша зерттеу жүргізуге Грант

Джордж Вашингтон атындағы университеттің Орталық Азия бойынша бағдарламасы және Орталық Азияның аймақтық аналитикалық желісі (CAAN) Орталық Азия бойынша зерттеу жүргізуге Өмірсерік Қасенов атындағы грант алуға конкурс жариялайды.

Зерттеу пәні: Орталық Азия

Гранттың мақсаты Орталық Азиядағы қауіпсіздік, саяси, экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін зерттеуді қолдау болып табылады. Әсіресе, Қазақстанның көршілермен өзара іс-қимылының түрлі аспектілерін мемлекет деңгейінде де, сондай-ақ қоғам деңгейінде де қарастыратын жұмыстар құпталады.

Зерттеу пішімі:

Зерттеу бастапқы дереккөздерге — құжаттарға, мұрағаттық деректерге, сарапшылармен сауалнамалар мен сұхбаттарға сүйенуі тиіс. «Далалық жұмыстарды» (fieldwork) орындау міндетті.

Зерттеу нәтижелері анық және түсінікті тілде жақсы құрылымдалған және жазылған ғылыми мақала түрінде ресімделуі тиіс. Жұмыс ұсынымдарды қамтуы тиіс. Материал Джордж Вашингтон атындағы университеттің Орталық Азия бойынша бағдарламасымен және Орталық Азияның аймақтық талдау желісімен (CAAN) жариялау үшін қаралатын болады.

Грант:

Гранттың жалпы сомасы — $1500 дейін («дала жұмыстарын» өткізуге арналған сома — $1000 дейін зерттеу жүргізу шығындарына байланысты; мақала тапсырылғаннан кейінгі қаламақы — $500). «Дала жұмыстарын» жүргізуге көзделген сома тек өңір ішінде қозғалуға ғана пайдаланылуы мүмкін.

Өтінім беру шарттары:

Білімі — өтінім берген кезде ізденуші магистр дәрежесіне ие болуы немесе магистрлік бағдарламаның студенті болуы тиіс. Жасы-35 жасқа дейін. Грант барлық Орталық Азия республикаларының (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) азаматтарына есептелген.

Өтінімдер орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады.

Өтінімдер 2019 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.

Сілтеме бойынша қосымша ақпарат: caa-network.org/archives/17934

Грантқа қатысты барлық сұрақтарды мына мекен-жайға жіберіңіз: kassenovgrant@gmail.com

Бөлісу