Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU IPICSE 2020 VII Халықаралық ғылыми конференциясының бірлесіп ұйымдастырушысы болды

2020 жылғы 11−14 қараша аралығында онлайн-форматта «Құрылыс ғылымы мен білім берудегі интеграция, серіктестік және инновациялар (Integration, Partnership and innovation in Construction Science and Education)» VII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияны Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті (МГСУ ҒЗУ, Ресей) және Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты (ТИИИМСХ, Өзбекстан) Қазақстан-Неміс университетімен (DKU, Қазақстан), «Узбекгидроэнерго» АҚ (Өзбекстан), Мирзо Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтымен (СамГасу, Өзбекстан) және Қаршы инженерлік-экономикалық институтымен (ҚИЭИ, Өзбекстан) бірлесіп ұйымдастырды

Іс-шара бағдарламасында құрылыс материалдарына, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігіне, инженерлік және «ақылды» технологияларға, құрылыс объектілерінің конструкцияларын үлгілеуге/механизациялауға, құрылысты басқаруға, гидротехникалық құрылысқа, мелиорацияға, механикаландыруға, электрлендіруге, ауыл шаруашылығы мен жасыл энергетикаға арналған жеті ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Онлайн-конференцияның ашылу күнінде DKU халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры з.ғ.д. Барбара Януш-Павлетта құттықтау сөз сөйледі. Доктор Януш-Павлетта өз сөзінде университет және DKU білім беру бағдарламалары, сондай-ақ қызметтің ағымдағы бағыттары мен жобалары туралы айтып берді. Ол орнықты даму мақсаттарына жәрдемдесудің, жаңартылатын энергетиканы дамытудың және жаһандық сын-тегеуріндерді шешуде интеграцияланған тәсілді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты ол су және экологиялық мәселелерді шешуге және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған DKU «Су ресурстарын бірігіп басқару» магистрлік бағдарламасы туралы айтты. Сондай-ақ, lоктор Януш-Павлетта «Жаңартылатын энергетика мен энергия тиімділігінің стратегиялық менеджменті" жаңа магистрлік бағдарламасының құрылғаны туралы хабарлады. Қорытындылай келе, ол осы конференция аясында ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, конференцияның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан-Неміс университетінің жаңартылатын энергетика және климаттың өзгеруі жөніндегі жобалар менеджері Алексей Кобзев «Механикаландыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы және жаңартылатын энергия көздері" сессиясының модераторларының бірі болды. Қатысушылар энергия және ресурс үнемдейтін конструкциялар, агроиндустриялық кешендегі инновациялық технологиялар, суару жүйелеріндегі технологиялық процестерді автоматтандыру және басқа да мәселелерді қозғады. Аталған сессияға 30-дан астам адам қатысты.

Ғылыми конференцияға қатысушылардың баяндамалары SCOPUS халықаралық базасында индекстелетін «IOP Conference Series: Materials Science and Engineering» басылымында жарияланатын болады.

Бұл конференция Халықаралық ғылыми-ақпараттық кеңістікте құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулердің, практикалық қорытындылар мен әзірлемелердің нәтижелерін ілгерілетуге, ақпарат алмасуға және ғылыми өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал еткеніне сенімдіміз.

Бөлісу