Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

1.02.2021 жылдан бастап DKU-ға «Лань» ЭКЖ-ге кеңейтілген рұқсат берілді

2021 жылдың 1 ақпанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін Қазақстан-Неміс университетіне «Лань» ЭКЖ келесі контентіне қолжетімділік берілді:

  • Жинаққа қолжетімділік «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар — Аспект Пресс баспасы» ЛАНЬ ЭКЖ.
  • Жинаққа қолжетімділік «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар — Дашков и К баспасы» ЛАНЬ ЭКЖ.
  • Жинаққа қолжетімділік «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар — МГИМО баспасы» ЛАНЬ ЭКЖ.
  • Жинаққа қолжетімділік «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар — Халықаралық қатынастар баспасы» ЛАНЬ ЭКЖ.

Қосымша, ағымдағы келісім-шарт аясында бізге ЭКЖ контентіне қолжетімділік берілді, оған Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми баспаларының 600-ден астам журналы, сондай-ақ әртүрлі білім салалары бойынша классикалық еңбектердің 35000-нан астам атауы кіреді.


«Лань» баспасының электронды-кітапханалық жүйесіне қалай тіркелуге болады?

ЛАНЬ ЭКЖ сайтының жоғарғы оң жақ бұрышында e.lanbook.com/ «Кіру» көк батырмасын, содан кейін «Тіркелу» батырмасын басыңыз. Тіркеу формасы ашылады.

Әрі қарай қажет:

  1. Өз ұйымыңызды таңдаңыз.
  2. Барлық тіркеу өрістерін толтырыңыз.
  3. «Пайдалану ережелерімен келісемін» құсбелгісін қойыңыз.
  4. «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
  5. Сізге дереу ЛАНЬ ЭКЖ-ден тіркелген электрондық поштаңызды растайтын сілтемесі бар хат келеді, бұл тіркеуді аяқтау үшін қажет.
  6. Электрондық поштаңызды растағаннан кейін сіз ЛАНЬ ЭКЖ-ға кіре аласыз: ЭКЖ веб-сайтының жоғарғы оң жақ бұрышында көк «Кіру» батырмасын басыңыз, содан кейін пайдаланушы аты-жөніңізді (электрондық поштаңыз) және пароліңізді енгізіңіз.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 (727)355−05−51, ішкі 225 немес 402
library@dku.kz

Бөлісу