Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2−3.12.2020 DKU-да студенттермен алдағы емтихан сессиясы мәселелері бойынша кездесулер өтті

2 және 3 желтоқсанда Қазақстан-Неміс университетінде қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша студенттермен кездесулер өтті.

Ақпараттық кездесулер ректордың м.а., академиялық мәселелер жөніндегі проректор
А. А. Әжібаеваның, оқу мәселелері жөніндегі бөлім басшысы А.У. Байтюбетованың, IT бөлімінің маманы М. Шапеновтың, әлеуметтік жұмыс және мансап бөлімінің басшысы Н. Саниязованың қатысуымен өткізілді.

Білім алушыларға DKU-да қысқы сессияны ұйымдастыру жүйесі, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып емтихандарды өткізу ерекшеліктері ұсынылды. Сондай-ақ, барлық студенттер ҚБТ қолдану арқылы аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережелерімен таныстырылды.

Прокторинг жүйесін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Маман жүйенің жұмысы және бақылау процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтарды ұсынды.

Университетте оқудың маңызды қағидаттарының бірі ретінде академиялық адалдық нормаларын сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, алдағы сессияға және оқудың соңғы аптасына байланысты барлық мәселелерді анықтай алды.

Сессияны ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін кездесуде ұсынылған барлық нормативтік құжаттар DKU білім беру порталында орналастырылған.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және қысқы емтихан сессиясын өткізу мәселелері бойынша факультет декандарына, оқу мәселелері жөніндегі бөлім басшысына DKU нұсқаулықтарында және білім беру порталында көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуға болады.

Бөлісу