Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2020−2021 жазғы семестрдегі оқу форматы туралы маңызды ақпарат

Құрметті DKU бакалавриат және магистратура студенттері!

Сіздерге 2020−2021 оқу жылының жазғы семестрінде оқу форматы туралы хабарлаймыз:

  • 2020−2021 оқу жылының жазғы семестрінде барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін оқу процесі аралас оқыту форматында (университеттің LMS — жүйесін қолданумен дәрістер-онлайн, семинарлар, санитарлық режим мен 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәстүрлі форматта қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар) ұйымдастырылады.
  • «Халықаралық қатынастар», «Кәсіпорындар менеджменті", «Қаржы», «Маркетинг», «Экономикадағы ақпараттық инжиниринг», «Телематика», «Mobile computing» білім беру бағдарламалары бойынша «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау, оқыту бағыттарына сәйкес келетін 2 және 3 курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылады.
  • «Энергетика және экологиялық техника», «Көлік логистикасы», «Өндірістік логистика» білім беру бағдарламалары бойынша «Инженерия және инженерлік іс», «Көлік қызметтері" дайындық бағыттарына сәйкес келетін 2 және 3 курс студенттері үшін оқыту санитарлық режим мен 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, аралас форматта жүзеге асырылады.
  • 4 курс студенттері үшін оқу академиялық саясат пен академиялық күнтізбеге сәйкес дайындық бағыттарына байланысты қашықтықтан/аралас форматта жүзеге асырылады (дипломалды және кәсіби практикаларды ұйымдастыру, қорытынды аттестаттауды өткізу).
  • Барлық білім беру бағдарламаларының 1-ші және 2-ші курс магистранттары үшін оқыту аралас форматта жүзеге асырылады (университеттің LMS — жүйесін қолданумен дәрістер-онлайн, семинарлар, санитарлық режим мен 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, дәстүрлі форматта қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар).
  • 2020−2021 оқу жылының жазғы семестрінде Қазақстан-Неміс университетінде оқу процесін ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық режимді (ЭТҚ) қатаң сақтаумен және ҚР БҒМ нормативтік құжаттарының және ҚНУ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес өтеді.
  • Студенттерді, оның ішінде басқа қалалықтарды қашықтықтан оқыту COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа да вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда олардың өтініші негізінде мүмкін болады. Шешім студенттердің өтініші негізінде Сапаны қамтамасыз ету комитетінің отырысында қабылданады.
  • Шетелдік студенттер мен магистранттар үшін оқыту қашықтықтан жүргізіледі.
  • Шақырылған шетелдік оқытушылардың сабақтары университеттің LMS-жүйесін қолдана отырып, қашықтықтан өткізіледі.

2020−2021 оқу жылының жазғы семестрінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (мына жерден қараңыз).

Ақпаратпен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Сұрақтар туындаған жағдайда сіз өзіңіздің факультеттеріңіздің деканаттарына немесе оқу мәселелері бөліміне хабарласа аласыз.

DKU Әкімшілігі

Бөлісу