Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

2021 Серпінді технологиялар байқауына қатысу туралы вебинар 15.12.2020 өтеді

Арал теңізі өңіріндегі жерлерді қалпына келтіру — 2021 Серпінді технологиялар конкурсын өткізудің негізгі кезеңдерін түсіндіруге арналған Вебинар 2020 жылғы 15 желтоқсанда өтеді.

Ұйымдастырушылар: Plug and Play Tech Center стартап-платформасы (штаб-пәтері Кремний алқабында) Дүниежүзілік банктің және DKU Табиғи ресурстар институтының өкілдерімен бірлесе отырып.

Конкурс туралы:

  • Дүниежүзілік банкпен, Ландшафттардың жаһандық форумымен (GLF), Қазақстан-Неміс университеті (DKU) және Plug and Play-мен (P&P) жүзеге асырылады.
  • Орталық Азия үшін Су-энергетикалық бағдарламаның (CAWEP) қолдауымен.
  • RESILAND CA+ тұрақты ландшафтын қамтамасыз ету бойынша Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бағдарламасын іске асыру шеңберінде.

2021 жылғы серпінді және инновациялық технологиялар конкурсы Арал теңізі өңірі мен Орталық Азия аумағындағы жерлерді қалпына келтіру саласындағы серпінді технологиялар мен инновациялық тәсілдерді анықтауға және қолдауға бағытталған. Толығырақ мына сілтеме бойынша.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін (қоса алғанда) ағылшын тілінде қабылданады.

Жеңімпаздар марапаттарға, сондай-ақ тренингтерден өту және 2021 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында тәлімгерлік бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

  • Өткізу күні: 15 желтоқсан 2020 жыл
  • Уақыты: 18:00-ден 19:30-ға дейін (Алматы уақытымен)
  • Сілтеме бойынша мына жерде.

Zoom конференциясына @dkukz есептік жазба профилінің тақырыбындағы сілтеме арқылы қосылыңыз.

Іс-шара ағылшын және орыс тілдерінде өткізіледі.

Қосымша ақпаратты алу үшін Балжан Жұмағазинаға жолығуыңызды сұраймыз: zhumagazina@dku.kz.

Бөлісу