2021 жылғы 17 сәуірде DKU-да бірегей Ашық есік күні өтті
Онлайн-кездесудің барысында Университеттің басшылығы, Германия мен Қазақстанның оқытушылары, Қазақстан-Неміс университетінің түлектері мен студенттері сөз сөйледі.
Іс-шара бағдарлама туралы хабарландырудан басталды, оны ҚНУ/DKU Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Наталья Брославская ұсынды.
ҚНУ/DKU президенті, профессор Габриеле Штаунер құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі бағдарлама бойынша презентациялар өтті:
- Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Барбара Януш-Павлеттаның.
- D KU-дың Германиядағы жобасы, Германиядағы DKU жобасының жетекшісі, Др. Хайнц Петер-Хеллердің.
Спикерлер университеттің белсенділігі туралы ғана емес, Германияда оқу мүмкіндіктері, серіктес ЖОО-мен ынтымақтастық туралы да айтып берді.
Айта кететін жәйт, Ашық есік күні аясында оқуға түсу мәселелеріне, стипендияларға, дайындық курстарына және түлектердің мансаптық мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы бізге келесі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері баяндады:
- Қабылдау комиссиясы, Динара Тюлюбаева.
- Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөлімі, Елена Асмус.
- Университетке дейінгі және кәсіптік оқыту орталығы, Татьяна Круглик.
- Әлеуметтік жұмыс және мансап бөлімі, Найля Саниязова.
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде университетпен танысу үшін Германиядан келген профессорларымыз, «Қос диплом» бағдарламасының түлектері мен студенттеріміздің шеберлік сыныптары өткізілді.
- Профессор Себястьян Майер ғылыми қызығушылықтары туралы ақпаратпен бөлісіп, Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасында оқу мүмкіндіктері туралы айтты.
- Профессор Бодо Лохманн «Көшбасшылық үшін жарыс: электромобиль серпінді инновациялық жоба ретінде» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
- Профессор Анзельм Фабиг Телематика бағдарламасы туралы айтып қана қоймай, Германиядағы Вильдау университетінің кампусы бойынша бейне-тур өткізді.
Біздің түлектер (Кирилл Ламбакшев, Надира Мухамеджан және Санжар Бердали) өздері туралы, DKU-да оқу тәжірибесі, жұмыс/жобалар туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Елена Асмус пен Германиядағы DKU жобасының менеджері Валерия Шефердің Халықаралық кеңсе секциясына қазіргі таңда Германияда «Қос диплом"бағдарламасы бойынша білім алып жатқан біздің студенттеріміз қосылып, өздерінің Германиядағы оқу тәжірибесі туралы айтып берді.
Жазба біздің YouTube арналмызда қол жетімді. Біздің жаңартуларымызды жіберіп алмау үшін, арнамызға жазылыңыз.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 700 355 05 51, marketing@dku.kz, admission@dku.kz