24−27 қараша аралығында DKU-да «Білімнің Жібек жолы» конференциясы өтті"
«Білімнің Жібек жолы» конференциясы: қорытынды және келесі қадамдар
2020 жылғы 24−27 қараша аралығында Қазақстан-Неміс университеті Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен «Білімнің Жібек жолы» атты аймақтық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.
Конференция міндеттері:
— Берлин процесі барысында «Су біріктіреді" 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде әзірленген білім беру үшін негіз қалау.
— Германия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2020 жылдың басында көтерген Орталық Азия мен Ауғанстандағы климат пен қауіпсіздік жөніндегі аймақтық бастама — «Жасыл Орталық Азия процесі" арқылы болашақ зерттеулердегі олқылықтардың орнын толтыру.
Конференцияға 7 тақырыптық сессия және жастарға арналған қосымша сессия кірді.
Іс-шара YouTube және Facebook тікелей көрсетіліммен ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
Барлық ниет білдірушілер конференцияның кейбір бейнематериалдарымен Facebook-тегі DKU Natural Resources Institute парақшасында таныса алады: https://www.facebook.com/NRIKGU
⠀
Тақырыптық сессиялар барысында спикерлер мен конференцияға қатысушылар бірқатар пайдалы ұсыныстар әзірледі. Қазақ-неміс университеті жанындағы Табиғи ресурстар институты жиналған ұсыныстарды кейіннен жұмыста қолдану үшін тиісті институттарға жіберуге күш салады.
⠀
Біз барлық ұйымдастырушыларға, спикерлерге және конференция қатысушыларына осы іс-шараны сәтті өткізгені үшін, терең мазмұнды презентациялары үшін, көрермендердің жақсы сұрақтары үшін және оларды қызықты талқылағандары үшін алғысымызды білдіреміз.
⠀
Біздің «Білімнің Жібек жолы» конференциясына қызығушылық танытатындардың барлығымен ынтымақтастықты жалғастыруды күтеміз және болашақта осындай шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.
⠀
Қосымша ақпаратты алу үшін мына email бойынша хабарласыңыз: conference.nri@dku.kz.