Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі және CRGE DKU тренингке қатысуға арналған конкурс

Ф.Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі Writing Policy Papers: A Guide to Devise Professional Recommendations (Саяси құжаттарды жазу: кәсіби ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі нұсқаулық) Воркшопына қатысуға ашық конкурс жариялайды.

Іс-шара Алматыдағы Қазақстан-Неміс университетінің Center for Research & Graduate Education орталығымен бірлесе ұйымдастырылған.

ВОРКШОП БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

  • Policy Paper/Policy Brief дегеніміз не?

  • Policy Paper / Policy Brief стандартты зерттеу құжаттарынан несімен ерекшеленеді?

  • Policy Paper/Policy Brief негізгі компоненттері және бағлау критерийлері

  • Ұсыныс қалай дайындалады?

ТРЕНЕР: Edward Lemon, PhD, кафедра доценті, The Bush School of Government and Public Service, Washington DC campus.
веб-сайт: https://bush.tamu.edu/faculty/elemon/

ТРЕНИНГ ТУРАЛЫ:

  • Тренинг тілдері — ағылшын және орыс (ілеспе аударма)

  • Тренинг 2020 жылдың 25 қарашасы мен 2 желтоқсанында (әрқайсысы Алматы уақытымен кешкі 8-де) онлайн-форматта өтеді

  • Қатысу — тегін.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Тренингке қатысуға саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, экономисттер, зерттеушілер, докторанттар шақырылады. Тренингке қатысушылар конкурстық негізде анықталады, іріктеу қорытындысы бойынша 15 адамнан тұратын қатысушылар тобы құрылады. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер үшін тренингтік бағдарламаға басынан аяғына дейін қатысу міндетті.

ӨТІНІМДІ 2020 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН 17:00-ГЕ ДЕЙІН E-MAIL-ГЕ ЖІБЕРУ: fes.almaty@fes.kz. (Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтінімдер қаралмайды).

  • Қысқа уәждемелік хат (қатысудың мақсаты мен негіздемесі, жұмыс тәжірибесі, өтініш берушінің қызмет саласы)

  • Түйіндеме (СV).

Байланысушы тұлға және қосымша ақпарат бойынша мәлімет: Толғанай Умбеталиева (Алматы қ. Кеңсе басшысы)

Tolganay.Umbetaliyeva@fes.kz


Бөлісу